ШӘМСИЯ. Ол не деп тұр?
МӘНСИЯ. Бірдеңені бірдеңеге қос дейді?
ШӘМСИЯ. Қаншаны қаншаға қосу керек екен?
МӘНСИЯ. Он жеті мың жеті жүзге жүз жиырманы.
ШӘМСИЯ. Ертең… қосып келейік.
ДЕМЕСІН. Жарайды. Ертең айтасыңдар (Демесін оларды босатады). Бара беріңдер. Жоқ, тұра тұрыңдар, қазір келем. Екі әйел сілейіп тұрып қалады. Демесін олардың қабын алып ұзай береді.
ШӘМСИЯ. Әй, сонша неге қорықтық, ә? Осы байғұстан жұрт бекер қорқып жүр-ау деймін. Бізді оп-оңай босата салды ғой.
МӘНСИЯ. Уи. Құрыған жеріміз осы екен деп ем.
ШӘМСИЯ. Қаншаны қаншаға қосу дейді. Он жеті мың жеті жүзге жүз жиырманы ма? Ой, астапыралла, адам қорыққанда өз атын да ұмытып қалады деген осы екен-ау. Он жеті мың жеті жүзге жүз жиырманы қосқанда он жеті мың сегіз жүз жиырма болмай ма?
МӘНСИЯ. Япыр-ай, ә, оп-оңай-ақ екен-ау. Демесін бір қап отынды әкеп тастап, екінші қапты алып жүре береді.
ШӘМСИЯ (Демесіннің соңынан айғайлап). Әй, әй-у, тоқта.
ДЕМЕСІН (алыстан айғайлап). Немене, қостыңдар ма?
ШӘМСИЯ. Қостық.
ДЕМЕСІН. Қанша болады?
МӘНСИЯ. Он жеті мың сегіз жүз жиырма-а. (Демесін екі қапқа отын салып, оларға алып келеді).
ДЕМЕСІН. Міне, екі қап жарылған ағаш. Арқалап кетіңдер (Пауза). Әлгіні кім қосты?
ШӘМСИЯ. Мен… мен қостым. Демесін оны шыңғыртып сүйіп алады. Бір бәле болды екен деп Мәнсия шарық ұрып көмек сұрайды. Бірақ екеуінің сүйісі ұзақка созылғанын, Демесінді Шәмсия босатпай тұрғанын көріп, таң-тамаша боп тұрып қалады. Шәмсия босатқан соң Демесін екінші қапты алып жүгіріп шығып кетеді.
ДЕМЕСІН. Жарайсың. Ал, енді кете беріңдер. Әйелдер отындарын арқалай бастайды.
МӘНСИЯ. Өткен жолы Демесін туралы айтқанымда маңайлатпай қойып едің, ақыры сүйісіп тындыңдар ғой, ә?
ШӘМСИЯ (бетін сипап, күлімсіреп). Әй, мынаның сүйген жері күйдіріп барады-ей, тегі.
МӘНСИЯ. Онда шақырып беріп, оңаша тастап кетейін.
ШӘМСИЯ. Ойбай, беті аулақ… (Тұра беріп). Айтпақшы, оған әлгі сандарды қосу неге керек болды екен?
МӘНСИЯ. Білсем, құдай ұрсын. Сұрап көрейікші, а?
ШӘМСИЯ. Сен сұрашы.
МӘНСИЯ. Мені емес, сені сүйді ғой. Өзің сұра.
ШӘМСИЯ (сәл мүдіріп). Әй, Демесін. Әлгі сандардың саған… сізге керегі не?
ДЕМЕСІН (жалт қарап). Онда шаруаларың болмасын. Құпияны білгілерің келеді ғой, ә? Жоғалыңдар тез. Екі әйел алды-арттарына қарамай, тайып тұрады. Демесін олардың соңынан қарап қарқылдай күледі.
ДЕМЕСІН. Қараңғы боп қапты ғой, жұмысқа кірісу керек. Он бір мың, он екі мың. Ауылдан кеткен алпыс төрт адам оларды атып бітіре алмай жатыр ғой. Тағы, тағы оқ жасау керек. Ол қайтадан оқ жасап, табаны айналдыра бастайды. Сырттан кенет дауыс естіледі.
ДАУЫС. Ей, есалаң!
ДЕМЕСІН (атып тұрады). А? О кім? Кім келген? (Тарс етіп мылтық атылады. Демесін
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26