КІШКЕНТАЙ АУЫЛ

да суы үнемделген болар еді.

КӘКІМБЕК. Біреуді жындыханаға жабудан гөрі ол да табылған ақыл.

АРДАҚ. Тоқтатыңдар, дырду сөзді. Немене, Демесінді жындыханаға жіберейік дегенде мен бір жетіскендіктен айтып тұр дейсіңдер ме? Сендер мейірбансыңдар да, қара жүрек мен ғана екем ғой? Жалғыз мен үшін ештеңенің керегі жоқ. Мен сендердің қамдарыңды ойлап тұрмын. Балалардың үрейін ұшырмасын деймін. Ауылға қонақ келуді қойды, ағайын-туыстар ат ізін салудан қорқып араласудан қалды. Күзді күні анау тұрған ақсақал мен кемпірін есекке қоржын ғып байлап, ауыл сыртына айдап жіберген жерінен балалар тауып әкелмеп пе еді?

ДАУЫСТАР. Иә, иә. Ардақ дұрыс айтады.

КӘКІМБЕК пен КЕМПІРІ. Сөйткен ол, сөйткен. Ол бізге жақсылық әкелмейді. Балалар тауып алмағанда өліп те қалатын ба едік, қайтер едік. Енді оның қолына мылтық түсті. Жыны келген күні бүкіл ауылды тып-типыл ғып қырып салатын шығар.

КӘКІМБЕК. Қырмайды. Есекке қоржын ғып байлап жіберсе, өздерінде де бір бәле бар. Бидай ұрламақ боп барғанда ұсталған көрінесіңдер ғой.

КӘКІМБЕК. Немене, сен көріп тұрып па едің?

КӘКІМБЕК. Көрмесек те сеземіз.

КӘКІМБЕК. Сен маған жала жаптың ғой, ә? Жала жаптың ғой. Ой, пәдеріңе нәлет. Екеуі жағаласып қалады. Жұрт у-шу боп кетеді.

ОРМАНТАЙ. Тоқтатыңдар! Шал мен шал төбелесті деген не сұмдық? (Жұрт шуылы басылып, екі шал тынышталады). — Ай, ақсақалдар-ай. Ана жақта ер азаматтар қан төгіп жатыр. Біз мұнда бір-біріміздің жағамыздан алып жатырмыз. Қане, тараңдар. Жұмыстарыңа кетіңдер. Демесін әзір ешқайда да бармайды.

Жұрт тарайды. Ормантай мен Ардақ қалады.

АРДАҚ. Айтпады демеңіз, егер Демесіннің қолынан біреу-міреу мерт болып жүрсе, жауабын сіз бересіз. Шығып кетеді.

ОРМАНТАЙ (өзіне-өзі). Берсек берерміз… (Осы кезде жақын маңдағы бір үйден «бауырымдап» жылаған дауыс естіледі). — Иә… тағы бір азаматтан айрылдық… Япыр-ау, мына дауыс қай үйден шығып жатыр? Жаңа ғана Демесін соққыға жыққан Мүтәннің үйі ғой. Сахна айналады. Хадишаның үйі. Әйелдердің қоршауында ол жылап отыр. Мүтән әлі ыңырсып жатыр. Ардақ кіреді. Хадишамен көріседі.

ХАДИША. Арысымнан айрылдым, қанатымнан қайрылдым. Әкесіз қалдың, Мүтәнжан!

АРДАҚ. Қой болды, Хадиша. Зарлай берме. Зарлағанмен ештеңе қайтып орнына келмейді. Бұл қайғы жалғыз сенің ғана басыңа түсіп отырған жоқ. Бұл ауылда жоқтау үні шықпаған бір үй қалмаған шығар. Қой, енді Мүтәнға өзің әке, өзің шеше боласың. Берік бол.

ХАДИША. Қай жерде қалды екенсің, байғұсым. Қансырағанда қасыңда жанашырың болды ма екен? Әлде жалғыз жатып жан тапсырдың ба?

ЗЕЙНЕП. Болды, болды, Хадиша. Жұрттың сай-сүйегін сырқыратпашы.

Шарбақ сыртына Демесін кеп тоқтайды. Иығында мылтығы. Оны көріп әйелдер жым болады. Мүтәннің ғана ыңырсығаны естіледі. Демесін ұзақ тұрады. Әлден соң оған Зейнеп жақындайды.

ЗЕЙНЕП (батылсыз). Үйге кірмей неге состиып тұрсыз? (Демесін жауап қатпайды). Жұрт

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26