ШАЛДАР
Ақымақтар-ай, тентектер-ай түге! О, жарым естер-ай десеңші! Бойына сыймаған күйініш пен өкініш, Қарекеңнің жан түбінен осы бір сөздерді лақтырып тастады. «Не жетпейді, опыр-ау не жетпейді екен бұларға. Ел тыныш, қой үстіне бозторғай жұмыртқалап, ақ түйенің қарны ақтарылып жатысы мынау. Белі сырқырап жұмыс істеп жатқан да жоқ қой жүдә. Енді не жетпейді бұларға? «Осылар жесін, осылар кисін» деп жар құлағың жастыққа …
ҚАРА ШАҢЫРАҚ
Шөмішбай қарт орнынан тұрып, дәретін алды, намазын оқып болып, үйден қозы көш жердегі қауындыққа беттеді. Шелектей-шелектей ақ торламалар мәнтінен үзіліп, арық ішінде домаланып жатыр екен. Бес-алты басыпалдыны ит жеп, жегенімен қоймай пәйкелді шошқа аунағандай майқамдап тастапты. Қарт күйіп кетті. — Ит жесін деп еккен екем ғой бұларды! Қап шошқаның иті-ай! Ана сүмелек Есіркепке мылтық әкеп бер деп құдайдың зарын қылғаным …
ШОЙЫНҚҰЛАҚ
Аласапыран көктемнің кезі еді. Қыс бойы қар астында тұншыққан жер беті енді емін-еркін рахаттана тыныс алғандай. Ауыл сыртындағы құба жондар қыстан әбден титықтап тойымсыз табындыра түседі. Бұрын ақ қардың үстіне әлдекім қарамай жағып кеткендей алыстан шұбарланып көрінетін қара жол, енді тапталған қамырдай көзге сарғыш шалынады. Жер беті ерекше бір жанданып келе жатыр. Топырақ астында бұғып жатқан тіршілікті құдіретті күн сәулесі …
ЕҢ БАҚЫТТЫ ТҮН
«Япыр-ай, көріспегенімізге он екі жыл болып қалған ба? деп жазыпты, 1963 жылдың июлінде Жүсіптің Сыр бойында тұратын нағашы ағасы Нұртөлеу. –Осы кезге шейін сен өзгеріп кеткен шығарсың. Бәлкім, бір-бірімізді танымаспыз да. Мен саған ұрысқалы отырған жоқпын, нағашысы туған жиеніне қалай өкпе-наз айтатын болса мен де солай демекпін. Япырым-ау, осынша жылдан бері бір хат жазсаң нетті?! Бізді қойшы, ұмытсаң ұмыта бер, …
ЖОЛДА
Кеше ғана жолдың бұрқырап жатқан шаңы, түнімен жауған жаңбырдан, бүгін шылқылдаған саз балшыққа айналыпты. Үй шатырынан тырсылдап тамған мөлдір тамшылар, ұлы жауынның әлгінде ғана басылғанын айқындап тұр. Үстіне құрылыс материалдарын артқан машина, жалтыраған асфальт көшемен Арыс қаласынан шықты да, тегіс жол біткен соң екі жағына кезек теңселіп, көшедегі шалшық суларды шашырата жөнелді. Азанмен жайылуға шыққан ашқарақ тауықтар, машина әбден тақалғанша, …