ГАУҺАР ТАС
Ыбыштың мінез-құлқы, кескін-келбеті, аузындағы сөзі мен күлкісіне шейін әкемнен аумай қалған, сойып қаптағандай дерсің. Екі иығы қақпақтай, менен екі есе бар. Шешінгенде білегіндегі білем-білем бұлшық еттер арасында шортан жүргендей бұлт-бұлт етіп ойнап шыға келеді. Ол асығу дегенді әсте білген жан емес. «Ойбай, тұр, қойға қасқыр шапты!» — десең де орнынан жайбарақат көтеріліп, маймаң-маймаң басып барып жарбиған жаман кепеден ер-тоқымын алады, …
ӨКПЕК ЖОЛАУШЫ
Еңсені басып, апшыны қуырған қарашаның суық жаңбыры екі күннен бері толассыз жауып тұр. Әуелгіде азынаған желін ала келіп, ашулы басталып еді, бірер сағаттан соң арыны басылып, шаршамайтын баяу сарынға көшіп алды да, асфальт жамылған абыр-сабыр қаланы момақан да мүсәпір кейіпке түсіріп кетті. Өлмей шаруасы бітпейтін көшедегі ағылған адамдар да сиреп, жылы үйлерінен бас шығаруға жиреніп, тым-тырыс жатыр. Алдағы күндердің бұдан …