Ол көріне қоймайды. Жігіттер мен қыздар абыржи бастайды. Екі-үшеуі суға қойып-қойып кетіп, тұс-тұстан іздеуге кіріседі. Төрт-бес минуттан соң оны су түбінен тауып алады. Жігіттің аяқ-қолының сіңірі тартылып қалған көрінеді. Ол жедел жәрдеммен ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс бопты. Ары қарай белгілі ғой, екеуі де түрмеден бір-ақ шықты. Жігітті суға лақтырған екеуді айтам. Мені қызметтен төмендетті. Е-е, сүрінгенімді аңдып жүрген кейбір қулар, сол оқиғаны тәп-тәуір-ақ пайдалана білді ғой. Адамдардың күресінде аяушылық бар дейсің бе?
Зейнеп Айтөренің қатты күйзеліп кеткенін көріп, ол баланың одан арғы тағдырын сұрауға батылы жетпеді. Екеуі сөзді қалай жалғастырудың ретін таппай, біраз үнсіз отырып қалды. Айтөре өзінің әлгі сөзінен кейін үй иесінің қатты қобалжып, сабыры кете бастағанын сезді. Оны бұл өзінше, менің тез кетуімді күтіп отырған шығар деп шешті де, босаған кесесін алдына қойып, «болдым» дегендей алақанымен оның бетін жапты.
- Ішіңіз, — деді Зейнеп ақырын ғана. Оның бұл үнінде өтінуден гөрі сыпайылық сарыны басымдау жатыр еді. Айтөре қалтасынан орамалын алып, аузын сүртіп, енді рахмет айтқалы оңтайлана бергенде, Зейнеп:
- Менің әлгі… ортаншы ұлым да, ой, әупірім тәңіріммен әрең адам болды ғой, — деді күрсініп. — Аяғын тәй-тәй басқаннан ұрыншақ болды, әлі ұрыншақ. Ол да бір рет қамалып шықты.
- Не үшін?
- Төбелес дағы баяғы. Бәріне себепкер — әлгі тентек су. Енді ішуді тоқтататын заң шыққан соң адам болмаса, біздің қазақтың жігіттері ақымақ, боп кетті ғой. Не іше білмейді, не көңілдене білмейді. Ауыздарына бірдеңе тиіп кетсе, орынды-орынсыз жұдырықтарын ала жүгіреді. Сөйтіп, ойнақтап жүріп қой, әлгі біздің баланың да от басқаны. Қостанай жаққа астық жинауға барғанда солдаттармен төбелесіпті. Бір солдаттың көзі шығып, бір құлағы жұлынып қалған дей ме, сондай бір шатағы бар. Ауданнан милиса кеп, бәрін қамауға алыпты дейді. Бірнеше күн тексерген көрінеді. Араларындағы бір баланың әкесі міністір дей ме, үлкен бір қызметкер екен. Сол бала біздің балаға айтыпты, «төбелесті бастаған да мен, әлгі солдаттың көзін шығарып, құлағын жұлып алған да мен» деп бәрін мойныңа ал, мен құтқарып алам. Ал сендермен бірге мен отырсам, бізді ешкім де құтқара алмайды» депті-міс. Біздің аңғал бала иә» деген ғой. «Бәрін істеген мен, солдаттың көзін шығарған да мен, құлағын
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59