ӨКПЕК ЖОЛАУШЫ

Қазір шыққалы жатырмыз, деп бір сағат бұрын ғана телефон соғып еді ғой Не? Қызу? Қызуы несі? Ол неге арақ ішкен? Әлгінде ғана сап-сау еді ғой. Е, жоқ-ә, сіздерді жығып салып аузына құйды деп отырған ешкім жоқ, бірақ ішуді мүлде қойып жүр еді ғой. Құдай-ау, осы жасқа дейін көргені аз болды ма екен оған! Өзі қайда? Оянбайды? Келін ше? Ол үйде ме? Түк түсінсем бұйырмасын, оны ұйықтатып тастап өзі қайда кетіп жүр? Енді… енді… құдағи-ау, келін ағасымен бірге қонаққа барғанша күйеуімен бармай ма, немесе екеуі үйге келмей ме? Ана бала сонда ұйықтағанша осында кеп ұйықтаса болмайтын ба еді. Оятыңызшы өзін! Оятыңыз деймін!.. Құдағи, бала менікі, оят деген соң оятыңыз! Үстіне мұздай су құйып оятыңыз! — Ар жағындағы ашулы құдағиы күйеу баласын оятуға кеткен болуы керек, телефон трубкасы әлденеге соғылып тықыр-тықыр ете түсті де, жым-жырт боп кетті. «Әй, мынау оған шынымен суық су құйып жүрер ме екен?» — деді Зейнеп дауыстай сөйлеп. Бұл ойынан өзі шошынып, телефон трубкасына: «Әй, құдағи, су құймай-ақ қой, оянбаса құрып кетсін» деп айғайлап еді, ана жақта ешкімнің жоқ екені есіне түсіп, «өй, бар болғыр, кетіп қалған екен ғой», — деп қайта сөйледі. Сәлден соң ар жақтан құдағиы қайтадан «әло-оу» деп әндетті. — Не болды, оянбады ма? Тұрған бетте телефон соғамын деді? Демек, ояу екен ғой! Ұйқысырап жатып сандырақтады дейді? Қап, мынаның қылығын-ай, ә. Осыдан көзіме көрінер ме екен? Жарайды, құдағи, ренжімеңіз. Тұрған бетте өзі хабарлассын, мен енді сіздерді мазаламай-ақ қояйын. Жақсы, сау болыңыз! Зейнеп   трубканы қойды да, үй ішінде сенделіп арлы-берлі жүріп алды. «О намыссыз, — деп күйінді ол тағы да өзімен-өзі сөйлеп. — Келін тойға кетеді, бұл ұйыктап жатады. Ойбай, жетесіз-ау, неғылған ұйқы ол алып бара жатқан а? Өліп бара жатса осында кеп ұйықтамай ма? Ойпырмай, қашан ақыл кіріп, қашан адам болады бұл» Осы кезде телефон шылдыр ете түсті. — Ой, жаным, оянған екен ғой! — Ол жүгіріп барып трубканы көтерді. — Ертай, Ертайжан!.. — Зейнеп мүдіріп қалды. — Кім? Ә-ә, сіз бе едіңіз? Телефоннан даусыңыз мүлде басқаша естіледі екен. Атыңызды келген бетте бір рет айтқансыз, бірден есіме түспей қалғаны. Иә, көп сөйлестік! Әлгі баланың шаруасы ғой. Иә, әлі келмей жатыр. Ұйықтап… а… нетіп, былай заттарын жиыстырып болмай жатқан көрінеді. Иә, самолетіңіз уақытылы ұшатын болды ма? Үш сағатқа кешігетін болды? Әбден әбіржіпсіздер ғой. Үйге келіңіз. Үйге келіңіз деймін. Мен… сіз кеткен соң бір түрлі… жалғызсырап қалдым. Жалғызсырап деймін. Иә. Ой, қайдағы    тәйірі! — Зейнеп қарқылдап күліп

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59