ӨКПЕК ЖОЛАУШЫ

алды. — Қорықтым. Тасқын боп кете ме деп қорықтым. Жауынның түрі жаман ғой тегі. Әлі күн күркіреп тұр. Естіле ме сізге? Жоқ? Неге? Міне, тыңдаңыз, — Зейнеп трубканы құлағынан алып, ауаға тосты. — Ешқайда кеткен жоқпын, күннің күркірегенін есітсін деп, трубканың мына сөйлейтін жағын терезеге қараттым. Иә, иә, естілді ме? Ой, жарайды, өздеріңіз, жақта күркірейтін шығар соны тыңдарсыз. Бұрынғы бір сағат, қазіргі үш сағат, төрт сағат бойы не істейсіз сонда? — Зейнептің даусы налығандай кілт баяулады. — А-ау, қонақ үй деңіз. Иә-иә, ол жер жайлы ғой. Барыңыз. Жо-жоқ, ренжіп құдай сақтасын. Білмеймін. Тағы телефон соғатын болды ғой. А? Немене? Асықпай жөндеп айтсаңызшы, не дейсіз? Е-е, тәйір-ай, онда тұрған не бар. Оның неменесіне ұяласыз? Келем десеңіз келіңіз, есік ашық. Әрі-беріден соң үй сіздің үй емес пе?.. Жарайды, келе беріңіз. Зейнеп трубканы орнына қойды да, ойланып қалды. «Япыр-ау, үйде ет те жоқ еді, шақыруын шақырып алып енді қайттім? » Ол жүгіріп барып тоңазытқышты ашты. Онда мандитын ештеңе жоқ екен. Бір тауық, жарты үйрек, еті жоқ екі-үш қабырға және толып жатқан арзымайтын ұсақ-түйектер. Жалма-жан сағатына қарады: сегізден он минут өтіпті. — Жабылып қалмай тұрғанда дүкенге барып келсем бе екен, ол тоғызға дейін істеуші еді ғой. Бірақ мен кеткен кезде келсе, есік алдында состиып тұрып қалады-ау. Танымайтын адам,  ұят боп жүре ме?» — Ол әмиянын алып, ақшаларын стол үстіне түгел шығарды да санап көрді. Он бес сом отыз сегіз тиын. Екі кило ет — сегіз сом, қант — жетпіс сегіз тиын, тәуір конфеттердің әр түрлісінен үш жүз грамдай, оның бағасы екі сомнан аспауы керек, бір бөтелке қаймақ, ол — сексен тиын. Барлығы болады — он бір сом елу тиын, мұның өзінде қалатыны — төрт сом сексен жеті тиын. Төрт сом сексен жеті тиын! Ойланып қалды. Пенсияға дейін әлі сегіз күн бар. Қалған ақшаны сегіз күнге бөлсе, әр күніне алпыс тиыннан келеді екен. Несі бар, сегіз күн қара су, қара нанмен отыра тұрады. Бұған далаға шығудың керегі қанша, тіпті де қажеті жоқ. Оның есесіне ол көңілі қалаған адамды қонақ етіп, онымен рахаттанып әңгімелеседі. Ол үй ішін тағы бір ретке келтіріп, Айтөре келген бойда дүкенге шығып кетуге дайындалып, киініп, сөмкесін іргеге қойып, дайын отырды. Үйге сыймай сенделіп, сағатына қайта-қайта қараумен болды. Есік қоңырауы да қағылды-ау! Ол сол мезетте ұшып тұрып, үй тірлігінен қолы тимей жатқан адамдай «кіре  беріңіз» деп айғайлады да, өзі ас үйге барып ыдыс-аяқтарды салдырлата бастады. Айтөренің үйге кіріп, есікті ақырын ғана жапқаны, басқа үйге келген

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59