ӨКПЕК ЖОЛАУШЫ

адамның әдетімен сол орнында аз ғана ыңғайсызданып тып-тыныш тұрып қалғаны, сонан соң ақырын ғана шеше бастаған дымқыл плащының сусылдағаны, бәтеңкесін шешкеніне дейін ас үйге анық естіліп тұрды. Жарты минуттай өткенде ол жасқана басып бергі бөлмеге өтті де, қонақты қарсы алуға «қолы тимей» жатқан Зейнепті көріп, ұяла күлімсіреді.

  • «Тойған үйге тоғыз кел» деген, тағы кеп қалдық. Бұл қазаққа насыбай берсең де, насыбай сұрасаң да бәлеге қаласың, ыстық ботқадай жабыса кетеді де, айырылмай қалады. Жұмысыңыздан бөліп жібердім-ау.
  •  Оқасы жоқ, бітпейтін үй тірлігі ғой. Төрлетіңіз. — Зейнеп оны баяғы диванға алып келіп, дәл сол орынды нұсқады. — Айып болмаса, — деді ол қысыла сөйлеп, — мен дүкенге барып келе қояйын.
  •  Жо-жо-жоқ мен үшін әуре болмаңыз! Мен деген ерігіп жүрген адаммын. Онда ренжимін.
  •  О не дегеніңіз, мен сіз келмесеңіз де дүкенге барғалы отырғанмын. Телефон соққан кезіңізде, әні, анау бұрышта тұрған сөмкені алып шығып бара жатқан болатынмын. Қонақ келмеген күнде де тамақ ішуіміз керек қой. Күні бойы ана баланы күтіп едім, ол да ұйықтап… а, құдай-ай, ұйықтағаны несі, кешігіп жатқаны. Мен қазір келем. Телевизор қойып берейін бе?
  •  Керегі жоқ.

— Ендеше мына альбомды қарай отырыңыз. Бәлкім, Алматыдағы ескі таныстарыңызды кездестіріп қаларсыз. Зейнеп оның алдына сырты көк масатымен тысталған, ішінде суреттері ретсіз шашылып жүрген көне альбомды қойды да, сыртқа беттеді. Ол есіктен шыға бергенде Айтөре: — Айып болмаса, маған бір бөтелке бояусыз шарап ала келіңізші, — деді. Зейнеп ақша жағын ойлап шошып кетті.

  •  Бояусыз шарап? Ол не, әлгі сухой деген бе?
  •  Иә.
  •  Ім… Бұрын ондайды алып көрген жоқ ем…
  •  Қымбат емес, екі-үш сомнан аспайды. Міне, ақшасын алыңыз. — Айтөре Зейнепке елу сомдық ұсынды. 
  •  Бәріне ме?
  •  Жо-оқ! — деді Айтөре күліп, — мұның бәріне сухой ішсек, суға кетерміз. Бір бөтелкесі де жетеді. — Зейнеп Айтөре ұсынған жап-жаңа елу сомдыққа қызығып, алғалы ұмтыла берді де, өзін-өзі тежеп қалды. Сөйтті де ашуланған боп:
  •  Япыр-ай, қайтер екен десе шынымен міндірмелетіп барасыз ғой, керегі жоқ ақшаңыздың. Сіз айтпасаңыз да, өзім-ақ алғалы бара жатқанмын. Шетте жүріп әбден тақыс боп кетіпсіз ғой өзі. Келген үйіне арақ әкел деп қай қазақ

    Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59