ақша береді. Жолдан ала келмей ме екен! — Соңғы сөздің аузынан қалай шығып кеткенін байқамаған Зейнеп ернін тістелей қойды. «Бүлдірдім-ау, —деді іштей, — ұят болғанын қарашы».
— Әлбетте, — деді Зейнеп. — Әлбетте ұят болуы керек!
- Міне, өзіңіз де келісіп отырсыз ғой.
- Ойбай, жоқ! — деп ол өз сөзінің төркінін енді түсініп екі қолын сермей сөйледі. — Мен оны айтып тұрғаным жоқ!
- Ендеше дүкенге екеуміз барып келейік.
- Ойба-ай, масқара-ай! — деді Зейнеп қолымен бетін шымшып, — сөзімізді біреу-міреу естіп қояр ма екен дегендей сыбырлай сөйлеп, — көршілер не дейді? Қой, қайдағыны айтпай тыныш отыра беріңіз. Мен қазір келем!
Зейнеп іргедегі сөмкені жол-жөнекей іле көтеріп, асығыс сыртқа шықты. Айтөре оның соңынан қарап біраз тұрды да, басын шайқап, жымия күліп қойды. Өзі оңаша қалған соң стол үстінде жатқан альбомды алып, жайымен қарай бастады. Ешкім алып кетпесін деген болуы керек, ер адамның түрегеп тұрып жеке түскен суреті алғашқы бетке желімделіп қойыпты. Бұл елуінші жылдарға тән типтік сурет еді. Сталиндік ақ китель, маңдайы кетік фуражка, галифе шалбар, қонышы «гармошка» құрым етік. Ер адам әлденеге ерекше разы, запорожьеліктерге ұқсаған қайқы мұрты едірейіп, «мен осындаймын, ал сен қандайсың?» дегендей сұраулы пішінде күле қарап тұр. Оның оң жағындағы үш аяқты биік көтерменің үстінде кішкене ваза, вазада төрт-бес тал жасанды райхан гүлі тұр. Ер адам оң жақ шынтағын вазадан қалған аядай орынға тіреп тұрғандықтан бір жағына сәл ғана қисайып, «мен осындаймын, сен қандайсың?» деген әлгі сұрағының жауабын мұқият күтіп тұрған сияқты көрінеді екен. Ал вазаның бүйіріне кішкентай әріптермен «жди меня» деп қиғаштай жазылыпты. Айтөре мырс етіп күліп жіберді. «Қызық, кімге айтып тұр, жұрттың бәрі күтуі керек пе?
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59