ӨКПЕК ЖОЛАУШЫ

баққан жоқ. Енді бір он минуттай өткен соң, Зейнеп те келді. Ол үйге сөйлей кірді.

  •  Қалай, баяғы өз үйіңізге қайтадан бауыр бастыңыз ба? — деді ол Айтөре екеуіне ортақ болған бүгінгі қол шатырдың суы кепсін деп түсірмеген күйі бұрышқа қойып жатып. — Дүкенді жапқалы жатыр екен, сәл болмағанда кешігіп қала жаздаппын. Айтпақшы, әлгі виноны кешке қарай сатпайды екен ғой, өлердегі сөзімді айтып жүріп екеуін әзер алдым.
  •  Екеуін?
  •  Иә.

Оның бәрін қайтесіз? Маған беріңіз? — Айтөре Зейнептің қолындағы заттарды алып ас үйге қарай жүрді. Зілдей ғой, не ала бергенсіз?      — Кешке қарай дүкендерде ештеңе жоқ, көзге көрінгенді ала бердім, әйтеуір. Ал мен ас қамына кірісейін. Сіз барып демала беріңіз. Жоқ, Қырымда әбден демалып болдым ғой. Одан да сізге көмек беріп осында отыра тұрайын. Зейнеп алып келген етін жуып, оған тоңазытқышта сақтаулы тұрған аз ғана қазысын қосып, қазанға салды.

  •  Әлгінде балаңыз телефон соқты, — деді Айтөре. — Екі рет шырылдатқанда алмап ем, үшіншісінде шыдамадым. Мені әуелгіде сіз деп қалды-ау деймін, біраз нәрселерін айтып тастады.
  • Уһ, — деді Зейнеп күрсініп, — аман ба екен, әйтеуір? Келем деді ме? — Ол кенет шошып кетті. — Айтпақшы, сіз онымен кім боп сөйлестіңіз?
  •  Қорықпай-ақ қойыңыз. Мен ләм деген жоқпын. Ол тіпті қайда түскенін де білмей қалған болуы керек. Қазір қайта соғатын шығар.
  •  Айтпақшы, жаңа дүкенде кезекте тұрып есіме түсті, — біздің үйдің телефонын қайдан біліп алдыңыз? Мен айтқан жоқ едім ғой.

Айтөре «сухой виноның» жазуына үңіліп отырып:

  •  Иә, азғантай бір зәлімдік жасауға тура келді, — деді оған көзінің астымен күле қарап. — Кетіп бара жатқанда бесінші пәтерге кіріп бара жатқан ер кісіден сұрағам. Абырой болғанда сіздің телефоныңызды білетін боп шықты.
  •  Өзіңіздің кәдімгідей қулығыңыз бар екен ғой, — деді Зейнеп оған сынай қарап. — Оны қайтпек едіңіз?

Қайтуші ем, кетіп бара жатқанда тағы бір рет қоштасқым келгені-дағы. Айтөренің дауысынан шынайылық пен жылылық сезген Зейнеп оған  қарсы ештеңе дей алмады, дұрыс дегісі келмеді.