ӨКПЕК ЖОЛАУШЫ

апта сайын ақша кеп тұрушы еді. Бүгін келген ақшаны ертең құртып біз жатамыз пәтерге жалдаған бір орыс кемпірдің подвалында. Бір бөлмеде жеті-сегіз бала едік. Бәріміз тапқан-таянғанымызды ортаға саламыз, яғни «колхоз» боп бірігеміз, ол қосылмайды. Сондықтан да біз оны «кулак» деп атайтынбыз. Бір күні бәріміздің ақшамыз жоқ, аш жатырмыз.

  •  Ойбұй, байғұстар-ай! Сонымен?
  •  Сонымен, таңертең әлгі «кулакқа» жалындық. Жетеуміз жеті жақтан шуладық. Өлтірейін демесең, бізге «полборщ» әпер дедік. Жарты борш қой.
  •  Ім, түсініп отырмын, ары қарай айта беріңіз.
  •  Құданың құдіреті, жартастай мізбақпай отырған әлгі «кулагіміз» кенеттен: «жарайды, сволыштар» дегені бар емес пе. Бәріміз қуанғаннан жапа тармағай шалбарымызға жабысып, көзді ашып-жұмғанша, киініп, сақадай сай тұрдық. Содан «кулактың» соңынан жетеуміз қаздың балапанындай тізіліп еріп кеп берейік. «Япыр-ай, аспаннан нұр жауған мына күнді қалай ұмытар екенбіз» деп арамыздағы қутілді бір жігіт күңк-күңк етіп сөйлеп келеді. Біз болсақ оның бүйірінен түртіп қалып: «Ойбай өшір үніңді, естіп қойса, ол қайтып кетеді» деп білдірмей зекіп қоямыз.
    •  Ондайы да болушы ма еді?
    •  Ой, бір рет орта жолдан қайтып кеткеніміз бар… Содан көк базардың төменгі жағындағы асханаға бардық… «Кулак» кезекке тұрды. Кісі көп екен, жетеуміз үйме-жүйме боп бір столға жайғастық. Бір кезде ол бізді саусағымен іліп шақырды да: «Алыңдар, сволыштар» деп қолымызға бір құлаш чек ұстатты. Тамақты алып, столға қойдық.
    •  Әйтеуір алыпты ғой.
    •  Иә, алды ғой. Жетеумізге жеті полборщ алыпты. Басқа түк те жоқ. Екіншіні қойшы, оны жоқтап отырған біз де жоқ.
    • Ім… м… ойбай, Сақа-ау, тек полборщ қана ма? — деді баяғы жігіт күңк етіп. — Басқа ештеңе алмайсың ба?

    Е, өздерің ғой «полборщ» әпер деген, ішіңдер, сволыштар, — деп тұрып жүре бергені. Бәріміз аңтарылып отырдық та қалдық. «Полборщ» деп тым қуартып айтқаның не, бірінші, екінші, үшінші деп түгел атап көрсетпедің бе» деп осы сөзді алғаш бастаған жігітке дүрсе кеп қоя бердік.

    •  Сонан соң?
    •  Сонан соң не болсын, сұп-суық жарты борщты сіміріп-сіміріп алдық та, подвалымызға қайттық.

    Зейнеп бетін басып, көзінен жас аққанша күлді. Қолындағы кесе сүртетін шалғышын шыбын үркіткендей сілтеп-сілтеп қойып, сілтеген сайын күлкісін үдете түседі. —Япыр-ай… Япыр-ай… Сіз мені, сіз мені қатырдыңыз-ау, — деді күлкісінің уыты қайта

    Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59