ӨКПЕК ЖОЛАУШЫ

400;»> Келген кім екен? — деді Айтөре, әлі үрейден арыла алмай.

  •  Ой, несін айтасыз! Сіздің танысыңыз ғой.
  •  Ол қандай таныс?
  •  Менің телефонымды сұрап алатын бесінші пәтердегі шал. «Бағана, үйде жоқ болған кездеріңізде сіздерді бір «солидный» ер кісі іздеп келді, телефондарыңызды сұраған соң айтып едім, айып етпеңіз» деп, кешірім сұрау үшін кепті.
  •  Шынымды айтсам, Ертай екен деп қатты састым.
  •  Біздің ол көрші солай. Осында тұратындардың үйіне құрбақа кіріп кетсе де, біліп отырады. Не сиқыры бар екенін білмеймін, келген кісілердің бәрі әйтеуір бір есебін тауып соның көзіне түспей қоймайды. Иә, өзіңіз неғып тұрсыз?
    •  Состиып.
    •  Сіздің состиып тұрғаныңыз бар болсын!.. Адам состиғанда екі қолын артына ұстап тұра ма екен?
    •  Енді қалай тұрады?
    •  Міне, былай, — Зейнеп көрсетпек болып еді, қарадан-қарап тұрып құлап қала жаздады. — Состиып… Қалай еді өзі? Баяғыда тоғайдан отын теруге барғанда сәл тұрып қалсам анам: «Неге тұрсың состиып!» деп ұрысушы еді. Со кезде қалай тұрушы ем?.. Ә-ә, былай, міне! — Зейнеп екі қолын түсіріп, мойнын созып, қимылсыз қалғанда, біраздан соң тепе-теңдігін сақтай алмай тәлтіректеп барып, Айтөренің қарынан ұстай алғанын өзі де байқамай қалды.

    Ол екеуі бұл қылықтарына мәз боп, ішектері қатқанша күлді.

    • Япырым-ай, сіз екеуміздің өстіп күліп отырғанымызды балалардың бірі көрсе не дер еді? Құдай сақтай көрсін! — деп Зейнеп тап қазір біреу-міреу кіріп келетіндей есік жаққа  үрейлене қарап қойды. — Жүріңіз, шайымыз суып қалған шығар.
    • Келсе несі бар? — деді Айтөре бұрынғы орнына жайғасып жатып. — Танысамыз. Мен ұры емеспін ғой. Осы үйдің бұрынғы иесімін. Олар мені жатсынбас.
    • Жатсынбауын жатсынбайды ғой, әрине, — деді Зейнеп Айтөренің кесесіне ыстық шайдан жаңалап құйып. — Бір күні ана тентегіміз ашуы келсе, «өзің шалмен оңаша отырғанда көңілдісің, бізбен отырғанда тұнжырайсың да қаласың» деп айтып салудан тайынбайды. Ал айтыңызшы, өзіңіз сонау жердің түбіне қалай кеттіңіз?

    Зейнепке қарап жайдары күлімсіреп отырған Айтөренің екі қасының ұшы бір-біріне болар-болмас жақындап барды да қайта жазылды. Сонан соң ол алдына қойған кесенің түбіне ұзақ үңіліп отырды да: Менің Якутскідегі үйіме қонақ келді ғой деймін, —деп сұраққа мүлдем қатысы жоқ керексіз әңгіме айтып кетті.

    Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59