ӨКПЕК ЖОЛАУШЫ

400;»>Зейнеп мойнын қысып бара жатқан қызының қолын босатты да, үн-түнсіз егіліп жылады. Таңертең ерте тұрып, бірін мектепке, бірін таныс үйлерге қайта таратады. Өзгелермен салыстырғанда жігіт боп есептелетін, қазір бұлармен сыйыса алмай, сонау Сахалиндегі Холмск деген қалада кеме капитаны боп жүрген Бектұр жарты құрсақ боп мектепке кетіп бара жатып: «Мама, он бес тиынға ештеңе де келмейді, отыз тиын берші. Екі пирожки мен біл лимонад ішпесем, үйге келгенше әбден қарным ашады», — демесі бар ма. Өзі ішетін түскі тамақтың есебінен оған тағы он бес тиын қосып берді. Ол мәз боп күліп, мамасының бетінен сүйді. Өмірде жолы болмай, тегіс жерден сүрініп опық жеп жүретін, қазір Чита жақта түрмеде жүрген Салауат та мұның қасына жатпаса ұйықтамаушы еді. Ол кезде тіршіліктің барлық тіні мамаларына кеп тірелетін. Қорықса да «мама», қуанса да «мама», күлсе де «мама», қайғырса да «мама», мамасыз өмір жоқ еді. Енді олар «маманың» ақылына да, алақанына да, қосымша он бес тиынына да зәру емес. Пенсияға шыққан бір айдың жүзі бойы Зейнептің ойы онға, ақылы алтыға бөлініп, өзі жайлы, өмір жайлы, балалары жайлы сарылып ойлаумен болды. Қанша ойласа да, қанша санасын сарылтса да, балаларының өзіне деген бұрынғы ыстық ықыласын таба алмайтын секілді. Шынымен бе, шынымен олардың осы кеткені кеткені ме? Енді олар мына жаман шаңыраққа қайтып оралмай ма, бәрі мұны ортаға алып, тұс-тұстан кеп «мамалап» ұмтылмай ма? Мұның енді ешкімге керегі болмай қалғаны ма? Расымен бе? Өмір заңы деп айта беретін нәрсе осы ма? Ана баланы туады, ол жер бетін шарлап кете береді де, өзін дүниеге әкелген, өзі дегенде айлар бойы кірпік ілмеуге, нәр татпауға дайын ұлы жүректі ол ұмытуы керек, келе қалса моласына топырақ салуға келеді, үлгермесе ол да жоқ. Осылай. Ол — өмір заңы. Осылай заңдастырылған! Осылай қалыптасқан.      Пенсияға шығып, аздап өзімен-өзі болған соң, түнемеге көз ілмей шыққан сәттерде Зейнептің ой-санасы да осы төңіректі маңайлап жүріп алады. Әсіресе еңсені басып, қабақ тұнжыратқан қарашаның мына бір суық жаңбыры да оның ойын қайдағы бір қараңғы қалтарыстарға қарай қақпайлай беретін секілді. Ол өмір жайлы, өмірдің өткіншілігі мен қысқалығы жайлы бұрын да ойлайтын, тіпті, күйеуге шықпай тұрған кезінде де ойланатын. Бірақ олардың бәрі де тай тұсаудай қысқа, жазғы жаңбырдай ызғарсыз өте шығатын-ды. Өйткені, ол шақта өмір бітпейтін жол, кәрілік жетпейтін төбе, жалғыздық төнбейтін пәле боп көрінер еді. Кешеден бүгінге, бүгіннен ертеңге, бір жыртықты жамаса екіншісіне ала өкпе боп асығам деп жүріп жас ғұмырының, қайратты ғұмырының өте шыққанын байқамай қалыпты. Япыр-ау десеңші, пенсияға жеткенше мұның тағаты таусылып,

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59