ӨКПЕК ЖОЛАУШЫ

бір көңілді, аса бір алаңсыз әлгі бір сәттен ауысып, аз ғана уақыттың ішінде үрейлі де мұңлы бір тарихтың ұшын көрсете бастауы Зейнептің алда тұрған әңгімеге деген ынтызарлығын әрі қоздырып, әрі бәсеңсітіп кетті.

  •  Ол соншалықты ауыр болса айтпай-ақ қойыңыз, — деді Зейнеп оның кесесіндегі суыған шайды жаңалап құйып жатып. — Түріңіз тіпті адам аяйтындай өзгеріп кетті ғой.
  • Айтпауыма да болар еді, бірақ оны қашанғы ішіме сақтаймын және бұл жаққа енді қашан келемін? — Ол кенет болар-болмас езу тартты да: — Сіз бөтен емес, менің бұрынғы үйімнің қазіргі иесісіз ғой, — деді. — Симферопольден Якутскіге Алматы арқылы ұшуым да осы үйдің әсері шығар. — Осыны айтты да ол ыстық шайдан бір-екі ұрттап, шараптан тағы құйып ішті. — Адам дегеннің өзі – мына өмірге құдайы қонақ, — деп сөзді тағы да әріден бастады. — Өзі құдайы қонақ бола тұрып әр таңнан күнде бір жаңалық, жақсылық күтеді. Қонақ күткендей күтеді. Бәрі де солай. Хан да, қайыршы да. Жаңа айттым ғой, мына қалада ескі таныстар да,  ағайын-туыстар да баршылық деп. Олармен ұзақ араласпағандықтан арамыз суысып кеткені өз алдына, қазір мен осы жаққа аттап басуға жүрегім дауаламайды. Егер жүре қалсам…— Оның даусы дірілдеп, сөйлей алмай қалды да, қайта қалпына түсті, — егер жүре қалсам, ұлымның сүйектерін басып өтетін сияқтымын.
  •  Не дейді, құдай-ау! — Зейнептің көзі шарасынан шығып, шошынғаннан қатты дауыстап жібергенін өзі сезбей қалды. — Сүйегі несі? Сіз не айтып отырсыз?
  •  Кәдімгі сүйек бар емес пе? Сол. Көшемен жүрсем аяғымның астынан сол сүйектердің шықырлағанын естігендей боламын.

Зейнеп бойын билеп ала жөнелген үрей әсерінен өзін-өзі ұмытып, не сұрақ қоярын, не таңданыс білдірерін білмей ішін тартып үнсіз қалды. Есіңізде ме, баяғы шатақ істеп түрмеге түскен балам бар еді ғой. Сол. Тұңғышымыз. Сол баланың жолы болмай-ақ қойды әйтеуір. Түрмесінен босанып, көңіл кірбіңі ұмыт болып, бір құрылыс мекемесінде тас қалаушы боп тәп-тәуір жұмыс істеп жүрді. Айлығы да жаман емес, өзінің шығынын өзі көтеріп, бізден бір тиын сұрамайтын болды. Жолдас-жорасы көбейді. Үйдегі телефон соныкі. Шар ете түскенде көтеріп қалсаң: «Мұрат бар ма екен?» деген дауысты естисің. Кейде олар түн жарымында, кейде таң атар-атпастан оны сұрап жатқаны. Трубканы көтере-көтере шаршаған әжесі: «Мына байғұстар Мұрат жоқта қалай күн көрген?» деп күңкілдеп жүретін. Кейде ол үйде ұйықтап жатқанда оятқысы келмей: «Нет! Его нету. Он ушоль. Ни знаю. Не

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59