сказаль!» деп зекіп-зекіп трубканы лақтырып тастаушы еді. Бұл кезге дейін «баласына дұрыс тәрбие бере алмағаны үшін» деген менің де баяғыдағы алғаш сөгісім өшіріліп, қызмет бабында қайтадан бедел жинап, кәдімгідей көтеріліп қалған кезім еді. «Геологоуправление» бастығының орынбасарына дейін көтеріліп, енді бір секірсе, мекеменің бастығы болады деп жұрт сөз ете бастаған болатын. Қазір ол басқарма емес, үлкен бір министрлікке айналды деп естігем. Міне, өстіп жығылған жүніміз қайтадан көтеріліп, «тасымыз өрге домалай» бастаған шақта табан асты бәрінің шаңырағы ортаға түсіп, ойраны шықты. Мені сол басқарманың бастығы боп кетер ме екен деп қауіптенген «достарым» үстімнен арыз ұйымдастырып, неше түрлі бәлені ойлап таба бастады. «Мекемеге берілген сексеуілді сатып жіберді», «көмірді жеп қойды», «ағайындарын жұмысқа орналастырды», «пәленшенің үйінде қонақта отырғанда араққа тойып алып, үкіметке қарсы сөз сөйледі», «көңілі жақын адамдарға сыйлық ақша жазып, оны солармен бірігіп бөлісіп алды», «моральдық жағынан бұзылған, бір өзінде үш әйел бар, біреуі заңды, екеуі заңсыз» тағы тағылар және басқалар. Осылай кете береді. Сексеуіл сатпағанымды, көмір жемегенімді, ешкімге сыйлық ақша жазбағанымды, үкіметке қарсы сөз сөйлемегенімді, үшеу емес, жалғыз-ақ әйелімнің бар екенін дәлелдеп, райкомның бюросынан үйге түн жарымында қатты қапаланып келіп, енді ыстық шайдан ұрттай бергенім сол еді, телефон шар ете түсті. «Тағы да Мұратты сұрап жатыр-ау, бұлар түнімен қарауылда тұратын адамдар ма, тәйірі» — деп әйелім трубканы көтерді. Мұрат үйде жоқ болатын, таңертең жұмысқа кеткен, содан хабарсыз. Оның бұлай кеш келуі үйреншікті нәрсеге айналып кеткен ғой, қашанғы оның әр адымын, әр кешіккен сайын тергеп жатасың? Жас бала емес, оң-солын танитын жігіт болды, өз басын алып жүретін ақылы бар ғой деп қыдыңдай беруді тоқтатқамыз. Әйелім трубканы құлағына тосты да, «иә, иә» деп тұрып, кенет жан дауысы шыға айғайлап жіберді… Біздерді бір милиция бөлімінің кезекшісі шақыртыпты… Бөлімшеде біз баламыздың қанға боялған пиджагін көрдік. Пиджактың қалтасынан оның блокноты шығып, сол арқылы бізді тауыпты. Әйелім есінен танып құлап түсті. Оны жедел жәрдеммен ауруханаға алып кетті. Сол баламыздан өзге хабар болмады. Бес күн етті, он күн өтті. Өлі ме, тірі ме, тірі болса киімі неге қан? Өлі болса, сүйегі қайда? Жұмыс орнындағы бірге жүрген жігіттер де жауапқа алынды. Олар еш нәрсе білмейтін боп шықты. Дәл сол күні оның қалааралық автовокзалдың кассасынан билет алып тұрғанын бір таныс қыз көріпті. Бірақ «қайда барасың?» деп сұрағанда: «Айға барамын» деп күліпті де қойыпты. Басқа ешқандай дерек жоқ. Үйленген ортаншы баламыз басқа қалада болатын, олар да аяқ жетер жерді қалдырмай іздеу салып көрді. Одан
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59