ӨКПЕК ЖОЛАУШЫ

керек?.. Не үшін келдің, не үшін кеттің, не бітіріп кеттің? Тұңғиық… — Зейнеп өз ойынан өзі шошыды ма, орамалмен бетін басып, кәдімгідей солқылдап жылады. Оның ойына не оралды? Артта қалған ауыр тіршілігі ме, сәулесіз балалық шағы ма, алда тұрған сүреңсіз, ешкімге қажетсіз өмірі ме, әлде мәңгі мұз еліне барып көмусіз қалған бір бейбақтың аянышты тағдыры ма, – Айтөре ол жағын анық біле алмады. Әзірге ол бір-ақ нәрсені анық аңғарды, ол — қарсы алдында отырған бейтаныс әйелдің жан дүниесінің мейлінше тазалығы, оның жүрек қанында бір тамшы да арамдық атаулының жоқтығы. Өз әңгімесінен өз мұңы оянып, ескі жарасының аузы қайта қанталап тұрса да, айдаладағы біреуге аяушылық білдіріп, көз жасын төгіп отырған мына әйелге қарап отырып Айтөре әйел затының соншалықты қарапайым, соншалықты нәзік, миың жетпестей күрделі екенін, оны бір Айтөре емес, он, жүз, мың, тіпті дүниені тіреп тұрған данышпан еркек атаулының бәрі жиналса да ол құпияны шеше алмайтынын, бұ дүниеден сол шеше алмаған бойы өтетіндері жайлы тағы бір ойлап өтті. — Жиырма балаң болса да әрқайсысының орны әр басқа, — деді Айтөре әңгіме желісін тұңғиықтан шығарып. — Он тоғыз балам бар деп жиырмасыншысын жек көре алмайсың. Дегенмен, сол тұңғышымның орны үңірейеді де тұрады. Неге екенін білмеймін. Бәлкім, туғаннан жолы болмағандықтан ба?.. «Мінезі тік, тентектеу» дедім ғой өзін. Сол мінезінен тапты ма деп те өкінем. «Министр болам деп нем бар еді! Егер қоңыр тіршілікке разы боп жүре берсем, бәлкім, ол мұндай күйге ұшырамас па еді» деп те қайғырам. Есімде, жұмыс істеп жүргеніне қарамай, ертеңгілік мен үйден шығып бара жатқанда ол: «Перзент ақы тастамайсың ба? » — дейтін. Баяғы бір кезде оны еркелетіп отырып: «Перзент — адам өмірінің тірегі. Менің қуанышым сендерсіңдер. Сендердің «папа» деген бір ауыз сөздерің үшін мен от пен суға түсуге бармын. Сендер маған арқа сүйеген сайын, сендер маған салмақ салған сайын, сендерді әрбір қуантқан сайын мен бір жасап қалам. Перзент әкеге қандай қуаныш әкелсе, әке де перзентке сондай борышты» дегенім бар еді. — Айтөре өткен окиғаны есіне алып, аздап күлімсіреп қойды. — «Перзент ақы» дейтін содан қалған өзінше бір әзіл ғой. Айтөре күлген соң Зейнеп те оған қосылып күлімсіреген болды. Бірақ қас пен көздің арасында жер-дүниені шарлап шыға алатын адам көңілі бұл жолы да талай-талай қатпарларды аралап кеп Зейнептің ішкі дүниесін әлем-жәлем етіп кетіп еді. Бейтаныс кісі өз өмірі жайлы, балаларына деген ұлы махаббаты жайлы бейқам халде әңгіме шертіп отырған сәтте, әкесіз өскен өз балаларын, олардың ұзақты күнге нәр

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59