ӨКПЕК ЖОЛАУШЫ

болды? — деді, даусы қарлыға шығып.

  •  Суық тиіпті, — деді Зейнеп аз-кем мүдірістен соң. — Ол да менің кесірімнен өлген сияқты. Мен науқастанып, үйден шықпай жатқан едім. Өзіңіз білесіз, балалардың әрқайсысы әр жерде оқып жүрген. Қыс ішінде соларды жинап жүргенде адасып кетіпті. Автобусқа отыра бергенде бірінші кластағы Ертай мініпті де, ол мінем дегенше есік жабылып қапты.
  •  Содан?..
  •  Содан не болсын, оны таңертең… біреулер тауып әкелді.
  •  Қайдан?
  • Зейнеп екі тізесіне басын қойып, солқылдап жылап жіберді.

    •  Қайдан болушы еді, бұзып жатқан ескі тамның ішінен. Жұмысшылар тауып апты.
    •  Шыдамды екен…

    Иә, шыдамды екен… Мен албасты ауырмасам ғой, ондай бәлеге тап болмас па еді. — Дегенмен… қалайша ол бірден өліп кетті? Зейнеп тізесінен басын жұлып алып, оған оқты көзімен ата қарады. Оның жанары қанталап кетіпті.

    •  Немене, енді соны білгіңіз кеп тұр ма? — Даусының қатты шығып кеткені сондай Айтөре селт ете түсті.
    •  Кешіріңіз. Басқа еш нәрсені де білгім кеп тұрған жоқ. Айып етпеңіз!

    Зейнеп қайтадан сабасына түсе бастады. Бірақ саусақтары мен еріндерінің дірілдеп тұрғанын жасыруға шамасы жетпейтін сияқты.

    •  Адамдар жауыз боп барады! — деді кенет Зейнеп күйінген үнмен кіжіне сөйлеп. — Шетінен жауыз боп барады. Мейірімсіздер! Тас жүректер! Қалай ғана көздері қиды екен десеңші… Құлыным-ай сол!..
    •  Әрине, сізден бірдеңе сұрауға дәтім шыдар емес…
    •  Сұрай беріңіз.. Жарайды, сұрамай-ақ айтайын, не сұрағалы тұрғаныңыз белгілі ғой. Нәзипа жайы да… Мен оның өлімінің себебін жерлеп болғанша білген жоқпын. Өзі де, өзгелер де маған айтпапты. Оны… оны… бір жауыздар… Зорлап кетіпті!.. Адамдар неге қатыгез боп кеткен? Неге? Құдай-ау, неге?

    Айтөренің тынысы тарылып, көз алды қарауытып кетті. Жер бетінде болып жататын мұндай сұмдықтарды ол талай естіген, тіпті, өз баласының хайуандықпен өлтірілгенін де бастан кешірген. «Адамдар неге қатыгез боп кетті?» деген сауалға ол бұдан бұрын да талай-талай тірелген-ді. Ол бұған ешқашан жауап таба алмаған және таба алмайтын шығармын деп үмітсіз халде тоқтаған болатын. » Шынында да неге олай ? « Жылдар бойы жауабы табылмай, ми қатпарының адам біліп болмайтын бір нүктесінде мейіздей қатып, кезінде алдын алмаған кеселдей іште бұғып,

    Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59