ӨКПЕК ЖОЛАУШЫ

style=»font-weight: 400;»> Байқайсыз ба, әжей, — деді Айтөре «әжей» деген сөзді әдейі баса айтып. — Біз тым көп біліп кеттік. Көп біліп кеткеніміз сондай, тіпті даладан тоңып келген адамға не керек екенін де білмей қалатын болдық. Пышағыңыз мынау ма? — Ол ағаш сапты қара пышақты қолына алып, жүзіне бармағын басып көрді. — Ф-у-у! Балта ғой!

  • Еркегі жоқ үйдің пышағы балта, балтасы балға болатын әдеті емес пе.
  • Айтөре Зейнептің назалы бұл сөзіне мырс етіп бір күліп қойды да, кесені төңкеріп, үш-төрт рет жанып-жанып алды.

    •  Енді бір мәнісі болар! — Ол буы қайтса да, ыстығы кетпеген, Зейнеп турап үлгіре алмаған қара күрең сүр етті жапалай бастады. — Екі адамға осынша көп асқаныңыз қалай? Мұның бәрін жеп бітіре алмаймыз ғой.
    •  Қазақ піскен асты көпсінбейді. Ол — жаман ырым. Асты көпсіну — арғы тегінің жарымағандығын көрсетеді.
    •  Сізге қарсы дау айту мүмкін емес, тұла бойыңыз тұнып тұрған даналық! Дегенмен, — ол ыстық еттен бір кесіп аузына салды да, шайнамай-ақ жұтып жіберген адамдай іле-шала қайта сөйледі. — Дегенмен, сіз екеуміздің бір кешкі тамағымызға франция жұрты отыз адамдық ағылшын делегациясын аттандыра алар еді.
    •  Ә-ә, солай ма! — деді Зейнеп жас баладай қасақана таңданып. — Амал қанша, отыз ағылшынның жұмысын екі-ақ қазаққа таңып қойса, тәңірге не дерсің. Көнеміз, көнуден басқа амал қайсы!

    Қызу әңгіме үстінде екеуі еттің қалай туралып, қамырдың қалай түсіріліп, тұздықтың қалай жасалғанын да аңғармай қалды. Ас үйдегі екеуара өткен ауыспалы көңілді әңгіме осыдан аз ғана бұрынғы бұйығылық пен солыңқы қабақты жадыратып өткен сияқты. Сөйтіп, небары бірнеше сағат қана бұрын бірін-бірі мүлдем білмейтін, танымайтын екі адам ағынан жайылған кең дастарқан басына кеп қайта жайғасты. Манағы ауыр әңгіменің әсерінен екі араға тау тұманындай жайласқан самарқаулық шымылдығы біржола көтеріліп, Айтөре бояусыз шараптан екі фужерге құйып, тағдыр дегеннің соншалықты қызық екеніне танданып, жаман ба, жақсы ма, аз ба, көп пе, жер бетіндегі бір күндік тіршілікке ештеңе жетпейтінін, осыған дейін қырын қарап келген тағдыр қабағының енді ашыла түсуі үшін ішпек боп енді соғыстыра бергенде, есік қоңырауы ызың ете қадды. Екеуі де селт етіп, бір-біріне аңырая қарады. — Бәсе, — деді Зейнеп фужерін столға қойып. — Манадан бері құдай менің мазамды неге алмай отыр, ұмытып кетті ме деп ойлап ем. — Ол әлде өкініш, әлде ыза аралас күлкімен дауыстап бір

    Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59