ӨКПЕК ЖОЛАУШЫ

күле қарады. — Егер бір нәрсеге енді ықыласым ауа бастаса болды, міндетті түрде алдымнан көлденең бір кедергі шыға қояды. Бала кезімнен солай. Ана-оу төбеден, — ол саусағымен жоғарыны нұсқады, — маған ылғи да біреу қарап тұрады. Еш нәрсеге құлқым жоқ кезде ол маған көрінбейді де, білінбейді де, ал қалай әлденеге ықыласым шындап ауа бастады, ол да солай «көзіме көріне қалады». Міне, қазіргі оқиға да соның жалғасы. Сіздің кенжеңізді де «құдайдың» өзі ретін тауып әдейі жіберіп отыр.

  •  Мұндайды қазақ «жолы қырсық адам» дейді.
  •  Бәлкім, солай шығар.
  •  Жас кезіңізде сіздің тұсауыңыз кесілмеген ғой.
  •  Ол қалай?
  •  Немене, ондайды естімеп пе едіңіз?
  •  Жоқ… Ім…
  •  Өзіңіз көлеңкенің жүгерісіндей сидиып құрдан-құр өсе беріпсіз ғой, түк білмей, түк көрмей.

Айтөре Зейнептің бұл сөзіне қарқ етіп бір күліп алды да:

  •  Солай болса солай шығар, — деді басын изеп. — Елден жырақ өстік, халықтың салт-санасын мұғалімдер ескіліктің қалдығы деп миымызға құйып жатты. Жарайды, ол басқа әңгіме. Ал тұсау кесу дегеніңіз не?
  •  Бала апыл-тапыл жүре бастағанда жұрт жиналып оның аяғына тұсау салады, яғни, ат сияқты тұсайды. Сонан соң, оны далаға шығарып «тұсауын кеседі» де, өзін қоя береді. Сөйтіп, баланың аяғындағы «тұсау» кесіліп, өмір жолында жоқтан өзгеге шалыныса бермейтін, «жолы болғыш» адам боп шыға келеді.
  •  Міне, мәселе қайда? Әрбір сүрінген сайын, болып тұрған, бітіп тұрған ісім бүлінген сайын «бұл неліктен?» деп басым қатушы еді, тұсауым кесілмегендіктен екен ғой. Ал енді болмай ма?

Зейнеп оның бұл сөзінің қаншасы шын, қаншасы келемеж екенін ұқпай оған аңтарыла қарап қалып еді, Айтөренің жүзінен бірте-бірте күлкі ыдырап, салмақты кейіпке түсті.

  •  Мен шын сұрап тұрмын, — деді ол аздап қызарып.
  •  Болмайды, — деді Зейнеп үзілді-кесілді. — Алпыс жыл кеш қалғансыз.
  •  Қазақта «ештен кеш жақсы» деген мақал бар ғой.
  •  Ол бұл жерге жүрмейді.
  •  Қайтеміз, болмаса болмайтын шығар. Ал дәм-тұзыңызға рахмет. Мен сізге мейлінше ризамын. Баяғы бір кездерде өзім мекендеген жерге тағдырдың сізді қоныстандырғанына, сол ескі мекенді көрейінші деп ниет еткеніме, сол ниеттің арқасында өзіңізбен аз ғана сәт сұқбаттас болғаныма ризамын. Кеше бір

    Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59