ӨКПЕК ЖОЛАУШЫ

журналдан көзім шалып қалды. Онда былай деп жазылыпты:

«Шұбалшаңнан шұбалшаң туды. Ол шұбатылып жылжи бастады. Сөйтіп өлді де қалды… Өмір деген осы…»

  •  Иә, өмір деген осы! Сол жыбырлап өтіп жатқан тіршілік жолында сіздің кездескеніңіз мен үшін өмірлік өшпес сәуле сияқты.
  •  Қойыңызшы, сіз не деп кеттіңіз тәйірі!..
  •  Түу, осындай жылтырақ сөздерді мен де иттің етінен жек көрем. Біреуді қанша жақсы көріп тұрсам да айта алмаймын, айта бастасам болды, тілім ағашқа айналып қатады да қалады. Ал өзгелердің өзеуреп, майын тамызып шұбыртып жатқандарын көргенде, телевизордан неше түрлі жылаңқы да жалған сөздерді естігенде жұрттың өтірік сөзден ұялмайтынынан ұяласың. Мен сондай кезде өтірік айтып тұрған адамнан гөрі соған сеніп тұрған адамды көбірек кінәлаймын. Егер ешкім сенбесе өтіріктің қажеті де болмай қалар еді. Бұл жолы, білмеймін, аузымнан қалай шығып кеткенін өзім де байқамай қалдым. Дегенмен мына дүниеде сіздің бар екендігіңіз үшін, қазынаның меншігі болса да, бір кезде менің шаңырағым болған төрт қабырғаға ие болып отырғандығыңыз үшін сізге көп рахмет.

Зейнеп әлдене дегелі оқтала беріп еді, Айтөре қолын сәл ғана көтеріп, оны сөйлетпей қойды. — Білем, білем, тым артық кеттіңіз демексіз ғой. Ештеңе етпес. Осы өмірімде бір адамға бір-екі ауыз сөзді ақтарыла айтсам айып болмас. Сіз ондай сөзге лайық жаралғансыз. Айтпауыма да болар еді, сіз бен біз екінші рет кездеспейміз ғой. Ешқашан. Сондықтан айтып қалайын дегенім шығар. Сонда да, асырып бара жатқаным шамалы-ау! — Ол мырс етіп, иығын қозғап қойды. — Ойлап отырсам, менің де, сіздің де мына өмірден алған сыбағаларымыздың ащысы молдау екен. Несі бар, ол да жаман емес, ол да өзінше сыбаға деп аталады! — Айтөре көңілдене бір күліп, орнынан тұра бастады. —Біздің бала кезімізде Барақат деген шал болатын, — деді Зейнеп аздап көңілді қалыпқа түсіп. — Өзі сіңірі шыққан кедей, жалаңаш денесіне жүн шекпенін киіп жүре беретін еді. Жекеменшік мал бағатын. Сол шал таяғына таянып тұрып былай дейтін: «Мына дүние әлемде он сегіз мың жанды тіршілік бар. Сол он сегіз мың жанды тіршіліктің бірі етіп жарату үшін де алла тағаланың мейірім-шапағаты түсуі керек екен. Мені сол он сегіз мыңның бірі етіп жаратқаныңа шүкір, құдай! Ит қылам, шошқа қылам, маса, шіркей, құрт-құмырсқа қылам десең де қолыңда еді, бірақ айрықша ықыласың түсіп, қолыма таяқ ұстатып, мал бақтырып, Адам етіп жаратқаныңа тәуба, жаратқан ием!» деп тұрушы еді. Бәлкім сол шалдың сөзінде көп мән жатқан шығар. Тереңге ұмтыламыз деп саязда жатқанды, әріге

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59