ӨКПЕК ЖОЛАУШЫ

400;» aria-level=»1″> Олай болса… олай болса тәуекел, бірінші рет болсын! Әкеліңіз! — Айтөре өзі қолын созып, Зейнеппен фужер соғыстырды. Фужердің «ыз-зың» еткен маржан үні естілгенде, екеуі де бір-біріне қарап күлімсіреді.

Жарайды, тәуекел! — Зейнеп әзіл-шыны аралас, құдайдан кешірім сұрағандай маңдайы мен иегіне оң қолының үш саусағын үш рет тигізіп алды да, фужерді ерніне апарды, сонан соң, кәнігі ішкіштердей «уф» деп демін терең бір алып, ешқандай шімірікпестен қара су ішкендей сіміріп салды да, оның соншалықты тез бітіп қалғанына таңданғандай ыдысын көтеріп түбіне қарады.

  •  Мынау бір көп тұрып қалған кермек су сияқты бірдеңе ғой, — деп бетін тыржитты. — Дәмі қандай жаман!
  •  Менің бір жолдасым айтатын: «Бояусыз шарап — ақ арақтың прелюдиясы немесе ішкіліктің міндетін атқарушы су» деп.
  • «Ішкіліктің міндетін атқарушы су?» Жолдасыңыз тауып айтқан екен! Расында да, су десе су. Мен соншалықты қорқып, терең суға секіретін адамдай тәуекелге бел байлап ішіп қарасам… Құда-ай, жай бірдеңе. Еркектер осыған да мас бола ма сонда?
  •  Мас болғанда қандай? Ол мастық ұзаққа созылады! Көшелерде, міне, былай, тәлтіректеп жүрген мас адамдарды көріп пе едіңіз? — Айтөре мас адамның жүрісін салмақ боп тәлтіректеп көріп еді, онысының аяғы шынға айналып, төсеулі алашаның қайырылып қалған бұрышына сүрініп кетті де, Зейнепті сүзе жаздап барып әрең тоқтап үлгерді. Егер Зейнеп оны иығынан ұстап қалмағанда оның құлап түсуі де ғажап емес еді.
  •  Астапыралла! Байқасаңызшы, қайдағы бір мастарды саламын деп майып бола жаздадыңыз ғой.

Айтөре орнынан тұрды да, бойын тіктеп біраз кеңкілдей күлді.

  • Сол… сол мастар бар ғой, сол мастардың көбісі осындай шарап ішкен. Сонан соң олар көшеде тәлтіректеп жүреді.
  • Тәлтіректемесе онан әрмен! Өзіңіз құлап қала жаздадыңыз ғой. Қалай, тағы ішеміз бе?

Айтөре екі фужерге тағы шарап құйды. — Келіңіз. Тағы да сіз үшін!

  •  Мен үшін бе?
  •  Иә, сіз үшін.
  •  Тым көп емес пе?
  •  Несі көп? Бар болғаны екі-ақ рет қой. — Қайдам… Бір түрлі сияқты.
  •  Несі бір түрлі?
  •  Білесіз бе… Ім-м… мен үшін ешқашан шарап ішіліп көрген жоқ еді. Үйренбеген нәрсе болған соң ба, ыңғайсызданып тұрғаным…
  • Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59