aria-level=»1″> Сіз үшін ешқашан тост көтерілген жоқ па?
Айтөре оған тағы да көз тоқтата қарады. Қарады да, момақан, жайдары, сабырлы, қанағатшыл мінезбен тағы да ұшырасып, ішкі дүниесіне мамыражай бір жылылық енгендей болды. — Ендеше, осымен екінші рет болсын! Келіңіз! Екеуі тағы фужер соғыстырды. Зейнеп шімірікпестен тағы да сіміріп салды.
- Бастауыңыз жаман емес! Тіпті, маған да қарайлайтын түрініз жоқ!
- Енді… ақыры ішетін болған соң… Алыңыз!
- Рахмет!..
Айтөре әлденеге разы пішінмен сыпайы ғана жымиып, фужерді ерніне апарды.
- Қызық, — деді ол босаған фужерін столға қойып, — мен сізді көптен білетін сияқтымын. Тіпті, мен өз үйімде отырғандаймын.
- Расында да бұл сіздің өз үйіңіз ғой, — деді Зейнеп күліп.
- Болған! — деп жауап берді Айтөре. — Баяғыда… Ал мен енді жүрейін. Ертай қайта айналып соқса ұят болар. «Роза болғанда басыңды кесіп алатын едім» деді ғой, енді менің кім екеніме қарамай жүрер.
- Япырым-ай, әуре боп жасаған тамақты да жөндеп жей алмадыңыз ғой.
- Тағы да жол түсер…
- Қызық, адам мен адам кездеседі, сөйлеседі, түсініседі, айырылысады. Содан қайтып бірін-бірі ешқашан көрмейді.
— Иә, солай! — Зейнеп селсоқ күйде ыдыс-аяқтарды жинауға кірісті. Айтөре оның қимылдарынан, тұнжыраңқы қабағынан болмашы бір наразылықты, наланы, әлдеқалай бір қимастықты аңғарды, бірақ ол қандай нала, қандай қимастық екенін, оның анық неден туындап жатқанын жыға тани алмады. Он шақты минуттан соң Айтөре ауызғы үйге шығып, сырт киімін, шляпасын киді. Сырт киімі мен шляпасын әперіп жатқан Зейнептің қимылынан ол тағы да әлгі бір нала мен қимастықтың ұшқынын көріп қалды. Айтөре есік жаққа қарап киініп тұрып-ақ Зейнептің әрбір қимылын, оның плащ пен шляпаны әперіп жатқанда шамадан тыс ұқыптылық көрсетіп, ондағы қонып қалған болмашы шаң-тозаңды мұқият тазалап жатқанынан уақытты созу, қоштасу сәтін сәл болса да, кейінге ысыра тұру ниетін байқап, мына абыр-сабыр қалада, балаларының ешқашан бітпейтін шаруасына көміліп жүргеніне қарамастан оның ешқандай жанашырсыз, жақынсыз, жалғыз қалып бара жатқанын байқап, кенет оған деген мұңлы бір аяушылық сезімі оянды. Осы сәт оның есіне жұртқа таныла алмай ерте қайтыс болған ақын досының бір айтқаны түсе кетті. Не деп еді ол, құдай-ай? «Әрбір әйел
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59