танылмаған планета. Жай ғана планета емес, әрқайсысы мұңлы планета. Бүкіл дүниежүзінің ұлы ғалымдары жиналып, әйтеуір бір кезде әлемнің құпияларын ашуы мүмкін, ал бірақ ешқандай ғылым, ешқандай данышпан қарапайым әйел жанының құпиясын аша алмайды. Әйел жаны әрқашан жаралы. Өйткені ол таза да нәзік жаралған, сондықтан ауруға тез шалдығады. Әйел жанын таза сақтайтын қоғам жер бетінде әлі құрылған жоқ, оған дақ түсірмей аялай білетін еркек әлі туылған жоқ. Жаман әйел болмайды, оны біз қолдан жасаймыз. Арал теңізінің суы тартылып, тұзы молайғанда әсем ақ шабақтар жан сақтау үшін түрі мен түсін өзгертіп, балшыққа кіріп тіршілік етеді екен. Біз суы азайып, тұзы молайған теңіз сияқты, әйелдерімізді дөрекілендіріп алғанбыз. Біз олардың алдында, олардың өліп бара жатқан нәзіктігі мен тазалығының алдында мәңгі бақи айыптымыз. Сол қасиетті тұншықтырғанымыз үшін біз күнәһармыз. Жаман әйел жоқ. Ең арысы жалмауыз кемпірдің де арғы тегі әйел, үңіліп қарай білсең ол да жетіскенінен жалмауыз кемпір болып жүрген жоқ, оны да осы халге түсірген біз, өзіміз, мына ит тіршілік…» Өзгенің жанын түсіне білу адамға қандай ауыр еді! Түсінесің, қолыңнан еш нәрсе келмейді, оған инедей де жақсылық жасай алмайсың, сол шарасыздықтан жүрегіңдегі сыздауық сезім сәт сайын ұлғайып, кеудеңнің кенересін аш жыландай кеміріп бара жатады. Айтөренің осы ойға берілуі мұң екен, оның өн бойын қимастыққа ұқсас жадау бір ой жайлап алғандай болды. «Иә, ойдың шегі жоқ, — деді сананың бір түкпірінен тағы бір ой шақпақ отындай жылт етіп. — Шегі жоқ! Адам жанына үңіле беруге болмайды, үңіле берсең ол түпсіз тұнғиық, тереңдеп қазған сайын қайғы қатпарлары молая береді. Оның түбіне жете алмайсың, жете қалған күнде бар табатының бір-ақ нәрсе, ол — жер бетінде бақытты адамның жоқ екендігі және оның ешқашан болмайтындығы. Тіпті, жаңа туған балаңның, әйтеуір бір кезде өлетіндігін сезінудің өзі шексіз бақытсыздық. Жоқ, күйреуік сезімге беріле беруге болмайды. Тіршілік ету үшін қаталдық керек». — Ал сау болыңыз, — деді Айтөре әлгі ойларынан еш нәрсе сездірмеуге тырысып. — Таныстық, сөйлестік, енді қоштасайық. Тұз-дәм үшін, сіздің барлық ақ ниетініз үшін рахмет! Қалай, қол алысып қоштасамыз ба? Әлде, бүгінгі қысқа кездесуіміз қол алысып қоштасу үшін аздық ете ме?
- Білмейім… өзіңіз біліңіз. — Зейнеп зорлана езу тартып күлген болды.
- Онда жарайды, бүгінгі танысу дәрежеміз қол алысып қоштасуға аздық ететін болса, алдағы кездесулерден қарыз алып амалын таба тұрайық. — Айтөре әлгі тұнжыраңқы ойдың шырмауынан біржола арылған боп, оған жайдары кейіппен қолын ұсынды. Зейнеп аса бір ұятты тірлікке тәуекел етіп тұрғандай қорғасын қолын
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59