әрең көтеріп, қымсына созды. Зейнеп те, Айтөре де осы қол алысудан қоламтадай жылылық сезінді, әрқайсысының да ішкі дүниесіне бір-бір жылы тамшы тамып өтті.
Айтөре осыны айтты да, әуелі Зейнеппен, сонан соң тар дәліздің бүкіл көрінісімен қоштасқандай жан-жағына бір қарап алып, енді сыртқа аяқ аттай беріп еді, Зейнеп кенеттен:
- Әнебір қазықтың жайын айтпадыңыз ғой, — деді дәліздің түпкі қабырғасында жарты қарыстай сорайып тұрған темірді көрсетіп. Айтөре мойын бұрып қарады да:
- Ә-ә, ол ұзақ оқиға! — деп қарқ етіп бір күліп алды. — Оны айтып беру үшін мен самолеттен қалуым керек. Бір ауыз сөзбен айтқанда, әйелім мені бір әйелден қызғанамын деп, осы қазыққа асылып өлгелі жатқан жерінен босатып алғамын!
- Нағыл дейді, құдай-ау! Сіздің де сондайыңыз бар ма еді?
- Бар, бар! Бар болғанда қандай!
- Ұят-ай, мен сізді ондай адам емес деп іштей ұнатып… а-а… іштей сыйлап тұрсам…
- Онда тұрған не бар? Мәселен, мен сізбен талай уақыттан бері оңаша отырып сөйлестім, тамақ жедім, тіпті, сіз үшін деп шарап іштім. Ал менің марқұм әйелім тірі боп, осы үшін асылып өлгелі жатса, сіз оны қостар ма едіңіз?
- Құдай бетін аулақ қылсын! Соған бола ма?
- Міне, көрдіңіз бе? Бұл да соған ұқсас оқиға болатын.
Жұмыстан қайтып келе жатсам, бала көтерген бір әйел жол жиегіндегі сәкіде жылап отыр екен. Қасына бардым. Сөйлестім. Сүп-сүйкімді, жасы отыз үш-отыз төрттердегі аққұбаша келген орыс әйел екен. Күйеуіне сеніп бұл ешқашан жұмыс та істемеген, тек бала тәрбиелеп үйде отырыпты. Сөйтіп, құдайдай сеніп жүрген әлгі күйеуі мұны үш баласымен тастап кетіпті. Ең кенжелері бес айлық, әлі емшектен шықпаған. Әбден қиналыпты. Қайыр сұраудың аз-ақ алдында жүрсе керек. Алдын күні Магаданнан анасының қайтыс болғандығы туралы телеграмма алыпты. — Айтөре сағатына қарап қойды. — Барайын десе ақша жоқ, балаларын тастап кететін адам тағы жоқ. Әбден қиналып отырған кезі екен. Мен ақша бердім. Алмаймын дегеніне қарағам жоқ. Қарызға деп бердім. Оның арына дақ түсіргім келмей менен ақша алғандығын растайтын қолхат жаздырып алдым. Билет жоқ.
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59