ӨКПЕК ЖОЛАУШЫ

Бір ғана үміт — аэропорт кассасында ғана. Ұшуға бір-екі сағат қалғанда алуға болатын көрінеді. Қызықты қараңыз, — деп мырс етті Айтөре, — Самолетке билет алатын кезде мені Орталық Комитетке шақырып қойған еді. Қызметімнің жоғарылауы жөнінде. Алдымда екі түрлі жол тұрды: бірі әйелді жалғыз қалдырып кету, екінші Орталық Комитетке баруды кейінге қалдыру. Мен соңғысын таңдадым. Арпалысып жүріп әйел мен оның тоғыз жасар баласына билет әперіп, самолетке салып жібердім. Сонан соң оның үйіне кеп, балаларына тамақ бердім. Сөйтіп, ол әйел келгенше мен оның балаларына бас-көз боп тұрдым.

  •  Сонан соң?
  •  Сонан соң ол келді. Жылап тұрып рахметін айтты.
  •  Сонан соң?
  •  Сонан соң не болушы еді. Біреулер әдейі айтты ма, әйелім сезіп қойып, ал кеп жыласын. Сол кезде ғой асылып өлмек боп мына қазыққа шыжым жіп байлай бастағаны.
  •  Иә, сонан соң?
  •  Не сонан соң?
  •  Әлгі әйел? Орыс әйелмен… қалай?
  •  Аты Василиса еді. Жұмысқа орналасуына көмектестім. Ол маған құдайдай табынушы еді.
  •  Енді… Әрине. Ол немен бітті?

Біз көшіп кеттік… Балаға байланысты оқиғалардан кейін – Ал… бұл жолы онымен хабарласпадыңыз ба?

  •  Хабарластым.
  •  Иә?
  •  Ол былтыр қайтыс бопты. — Зейнеп мүдіріп қалды.
  •  Иманды болсын, — деп күбірледі ол абдырап…
  •  Сөйтіп, өскелі тұрған қызметім де қолдан сусып кетті. Ана жақтағы мен қаламайтындарға менің кешігуім көктен іздеп отырған қосымша факты боп шыға келді. Солай, әжей, бір нәрсеге құлқым ауа бастаса, міндетті түрде көлденең кесірдің пайда бола кететіні ескі қырсық қой.

Ол осыны айтты да, басын изеп, басқышпен төмен түсе бастады. Зейнеп ашық есіктің тұтқасынан ұстаған бойы оның соңынан қарап тұра берді. Сыртқы есік сарт жабылған соң ғана ол өз-өзіне кеп, қайда тұрғанын енді аңғарғандай селт етіп есін жиды да, лып етіп үйге кіріп кетті. Үйде құлазыған тыныштық орнапты. Өмірдің өң мен түстей бір сәті тып-тыныш, бейбіт жатқан біреуді ұйқы-тұйқы қып өте шықты да, мазақ еткендей әлдеқайда ғайып болып, абыр-сабыр тіршілікті молаға айналдырып кетті. Зейнеп бұрын да талай-талай жалғыз қалған. Апталап

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59