едім, мама! Сен бізді ештеңе ойламайтын, түкті де түсінбейтін бір түйсіксіз маубас деп жүрсің ғой. Біз түсінеміз. Бәріміз түсінеміз. Сен… сен біз деп қана өмір сүрдің… Бізден басқа сенде мақсат болған жоқ.
- Сен… сен не деп тұрсың, Ертай-ау?
- Не естіп тұрсаң — сол! Ширек ғасырда анық ұқпаған нәрсемді мен бүгін ғана ұқтым, мама! Сен кешір! Мен сені… сені… Біз сені енді өмір бақи ренжітпейміз, мама!
- Роза қайда?
- Білмейм… Мен оған… енді оған қайтып бармаймын. Ол мені… ол бәрімізді қорлады. Мен енді тәртіпті боламын, енді сенің айтқаныңнан шықпаймын, сені ешқашан ренжітпеймін, мама! — Ол анасын құшақтап тұрып солқылдап жылады. Зейнеп ұлының шашынан сипап, маңдайынан сүйді.
- Сонда, жиырма беске жетпей үшінші рет үйленбексің бе?
- Білмейм, мама. Бәлкім үйленбеспін. Сен қалай десең солай болады, мама!
- Өй, тентегім менің! Айтпақшы, келін екіқабат емес пе еді.
- Иә. Бірақ ол баласын алдырып тастаған.
- Не-ме-не? Сен не айтып тұрсың?
- Қайыршыдан қайыршы туғым келмейді деп алдыртып тастады. Ол… басқа күйеуге шықпақ… Бүгін… олар… мені сабады… Розаның ағасы, оның болашақ күйеуі…
- Сабағаны несі? Бағана телефон соққанымда құдағи сені ұйықтап жатыр деп еді ғой.
- Жоқ… иә, талып жатқам…
Зейнептің бойын ыза мен намыс, шарасыздық пен дәрменсіздік кернеп, көзінен жасы бұрқ ете қалды.
- Оңбағандар!.. Осындайда қол ұшын беретін ана бала да алыста…
- Кеше мен Холмскімен сөйлескемін. Жақында Бектұр келеді, мама! Ол — кеме капитаны! Бәрін көрсетеді бәріне! Мен оны өзім күтіп аламын! Бәрін айтамын оған!..
Осы кезде телефон шар ете түсті. — Аналардың біреуі болса, мені үйде жоқ деп айт! —деді Ертай су-су плащын шешіп жатып. Трубканы Зейнеп көтерді. Ар жағынан Айтөренің қоңыр даусы естілді.
- Біз ұшқалы тұрмыз, — деді ол жайдары да жұмсақ үнмен. — Қалай, Ертайдан хабар бар ма?
- Иә. Бар.
- Телефон соқты ма, әлде өзі келді ме?
- Келді.
- Мен жай… самолетке отырғызу басталған
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59