ӨКПЕК ЖОЛАУШЫ

соң, ақтық рет дауысыңызды естіп қалайын дегенім ғой.

  •  Рахмет.
  •  Сізге не болған? Даусыңыз дірілдеп тұр ғой.
  •  Жай! Бізде тыныш өмір бола ма!..
  •  Ал қош болыңыз!
  •  Қош… қош болыңыз!
  • Зейнеп трубканы орнына қоюды да ұмытып, сілейіп-тұрды да қалды. Басындағы сан-сапалақ сезімдер мен жауабы жоқ мың сауал байғұс әйелдің бүкіл болмысын сығымдап келді де, тағы да көзінен жас боп аға беріп еді. Ол өзінің жылап тұрғанын да сезген жоқ. Оның жылап тұрғанын, жылағанда да үн-түнсіз, тамшы бұлақтай сыбыссыз жылап тұрғанын Ертай көріп қалып, оған жүгіріп келді. — Мама! Маматай, саған не болды? Сен неге жылап тұрсың? Мама?! Зейнеп есін жиып, кірпігін қағып қалып еді, жапырақ үстінен төгілген таңғы шықтай көз көбесіндегі үймелеген жас сау ете қалды. Ол қарсы алдында тізерлеп отырған баласының бұйра шашынан сипады, сонан соң қолтығынан демеп тұрғызды.

    •  Тұр, тізерлеме! Енді қайтып ешкімнің алдында тізерлеп отырушы болма.
    •  Мама, бұл сен ғой. Мен сенің алдыңда ғана тізерлеп отырмын.
    •  Бәрібір!.. Тізерлемей-ақ табынуға болады.

    Ертай диванда жатқан орамалды алып, мамасының көз жасын сүртті. — Айттым ғой саған, мама, мен енді тентек болмаймын деп. Жыламашы енді. Сен қиналдың ғой, сен шаршадың ғой, мама. Енді сені шаршатпаймыз. Шаршатпаймын! Бұдан былай сен бізді емес, біз сізді аялайтын боламыз, мама! Мен бұл жайлы көптен ойлап жүргем, бүгін ғана айтудың реті кеп тұр. Біз ұзақ-ұзақ бақытты өмір сүреміз. Келесі жылы Нартай абақтыдан біржола босанады. Ол қаланың сыртынан зәулім үй саламын деп жүр. Сахалиннен Бектұр да келеді. Ол да өткен жолғы хатында сізді ренжітіп көшіп кеткені үшін қатты опынып жүргенін жазыпты. Міне, саған бір-екі жолын оқып берейінші. «…Ертай, сен апама бәрін түсіндіріп айтып көрші, сен біздің ең кенжемізсің ғой, сенің айтқаныңды ол тыңдайды. Мен оны қатты ренжітіп кеттім. Ол үшін өмір бойы кінәлімін. Егер ол кісі келіссе, мен көшіп келемін. Мұндағы төрт бөлмелі үйімді Алматыға ауыстыруға болады. Пәтеріміз жақсы, дәл теңіздің жағасында, екінші қабат. Келіні де көшуге келісіп отыр. Ол да кінәлі екенін түсініп келеді. Үлкен баламыздың бұрынғы Шарль деген атын Шәріп деп, қызымыздың Элеонора деген атын –Елігай деп өзгертіп алдық. Мен олармен қазақша сөйлесемін. Олар қазір әжемізге қазақша хат жазамыз деп жүр…» Зейнеп диванға кеп отырды да,

    Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59