ЕҢ БАҚЫТТЫ ТҮН

қайт, мен қазір барамын,–деді. Жүсіп сұрамаған күнде де, Айза сол үшін арнайы алып шыққан заттарды әлде де болса көңіл жықпас үшін күлімсіреп тұрған ағасының қолына ұстатты да, шалғын үстіне түскен жіңішке соқпақпен үйіне қарай жүгіре жөнелді. «Әні, ол көңіліне ешнәрсе де алған жоқ, шаттана жүгіріп бара жатыр,– деді. Жүсіп оның соңынан қарап тұрып. –Қыз атаулыға жарасатын тек қана осындай тамаша еркелік емес пе?» Келесі минуттарда Айзаның сұлу тұлғасы ағаш арасына жасырынып жоқ болды да, Жүсіп өзен жаққа беттеді.     Арада тағы да бірнеше күн өтті. Табиғаты тамылжыған қойлы ауылдың қызық болып көрінген кейбір ерекшеліктері күн өткен сайын Жүсіпті өзіне аз еліктіре бастады. Жоғарыда айтып өткеніміздей, бауырластардың бір-біріне деген тез арада басыла қоймайтын сағыныштары да енді сабасына түсіп, «Жүсіпжан, сен кітабыңды оқып отыра бер», немесе «мал баққанның жайы осылай, амал қанша» деп, тіршілік емес пе, олар да алды-алдына кете бастады. Үйде көбінесе Жүсіптің қарт әжесі мен Айза ғана қалып жүрді. Уақыт өткен сайын Айза мен Жүсіп соншалықты тату бола түсті де, нағыз қарындас пен ағаның қарым-қатынасына жақындап келе берді. Бірақ, Жүсіп екеуінің арасында мұндай қатынастың жымдасып кетуіне күннен күнге есейіп келе жатқан бір кедергінің пайда бола бастағанын сезді. Ол кедергі – екеуінің ешқашан да қолдары жетпейтін, жаңа оянған сезім еді. Жүсіп мұндай сезімнің берік те нәзік торына өзінің тұңғыш оралғанын сезумен бірге, дәл осы сезім Айзаның да жүрегінде бас көтере бастағанын байқады. Әйтсе де, олар бұл өзгерісті бір-біріне қайткен күнде де сездіріп алмауға шамаларының жеткенінше тырысып бақты. Екеуіне дәл осы бір сезім орнағалы бері олар орман ішіне оңаша баруға әлденеден қаймыққандай боп қалды. Немесе ағасы мен қарындасының оңаша сөйлесуіне кім күдік келтірер еді. Жүсіп өзінің осыдан оншақты күн бұрынғы еркіндігін енді соншалықты аңсады. Өйткені ол, сол кездерде сүйікті қарындасымен қысылып-қымтырылмай, емін-еркін әңгімелесіп еді ғой. Енді сол батылдықтар қайда кеткен! Ия, ол қарындасымен тоғай ішінде оңаша қалуды шынымен-ақ тілеп еді. Оңаша болғанда, оған әлгі бір бұлқынған сезімнің тығынын ағытып, «қайт дейсің, амалым бар ма, осылай болды», деп арманын ақтарып салу үшін емес, тек, Айзаның қасында ұзақты күнге тіл қатпай отыра беру үшін. Ол Айзаның өзімен бірге екенін білсе болды, оның ес тандырардай сұлу жүзіне қарамай-ақ қанағат қылып отыра берер еді. Ал, Айза да дәл осындай ойдан құр емес болатын. …Күн еңкейіп, аманшылық болса енді жеткен шығармын дегендей, ұясына ентелеп бара жатқан кез еді. Малдардың да өрістен ауылға құлайтын уағы таянды. Маналы

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11