ЕҢ БАҚЫТТЫ ТҮН

бері Жүсіптен жаңа бір әнді үйреніп отырған Айза, орнынан тез көтерілді де: –Әже, мен ағама қауын әкеп берейінші, ол шөлдеді ғой, – деп тігулі үйдің киіз есігін желп еткізді де, сыртқа жүгіре жөнелді. «Ойбай-ау, мынау не дейді, екі кештің арасында қайда бармақшы?»–деген әжесінің сөзін ол естіген де жоқ. Айғаным ұшымен отты көсей-көсей қара құйрық болған ұршығын уыққа қыстырып, асықпай саусағынан шүйкесін алып, далаға шыққанда, Айзаның ізі суып үлгірген. Ол ішке кірді де, жерге қайта домалап түскен шүйкесімен екі құлағын едірейтіп, ынта-шынтасымен беріле ойнап жатқан кішкене мысықты алақанымен қағып жіберді де, Жүсіпке қарап: –Жүсіпжан-ау, қарындасың міне, осы. Ұялу, қысылу дегенді білмейді. Кісінің көңіліне де қарамайды. Қанша ашуланып ұрсайын десең де, сайтаны бар ма, әрнәрсені бір айтып, лезде күлдіріп жібереді.  Жүсіп біраз тыңдап отырды да, әжесінің сөзін бөліп: –Әже, сіздер оған ешқашан ұрыспаңыздаршы. Ол ерке. Сонымен бірге еркелей біледі, оған күлкі ғана жарасатын сияқты. Ол тек анасы сізге, ағасы– маған, не Нұртөлеуге ғана емес бүкіл дүниеге еркелеп жүреді. Сөйтсе де оның ақылы бар,–деді қыза сөйлесе де сабырлы кейпін сақтауға тырысып. Бірақ өзі әжеме осы сөздеріммен бірдеңенің ұшын сездіріп алған жоқпа  екенмін дегендей қауіптеніп отырды да. «Жоқ, олар біздің арамызда ондай нәрсе туады деп ешқашан да ойламас»–деген сенімге сүйеніп, сот залында қорғамақ болған айыпкерін абыроймен ақтап шыққан адвокаттай жайбарақат отыра берді.  Олар көп күтті. Бірақ Айза келмеді. Батыс жақ өрт шалғандай қызыл алауға бөленді. Бізге де еркіндік тиер заман болады екен ғой дегендей бұта-бұтаның түбінде бұғып жатқан масалар, ыңылдаған жылауық әнге басып, аспанға бірі қалмай көтерілісті. «Жүсіп-жан, ерінбесең ана қыздың соңынан барып келші, қараңғы түсіп, бір бәлеге  ұрынып жүрер»,– деген қарт әжесінің сөзінен кейін, осыны күтіп отырған ол, қауындық жаққа бет алып, тоғай арасындағы жалғызаяқ сыздақ жолмен жүгіре жөнелді. Қатты жүгірген сайын қатқылдана түскен салқын жел, құлақтағы гуілді үдете түскендей. Қаптаған қою масалар тынымсыз бетке ұрғылайды. Бір кезде ол шаңы бұрқыраған үлкен жолға жетті де, аздап шаршағанын сезген соң, жай аяңға басты. Бір бұрылыстан қайрыла бергенде екі қолына екі дарбыз ұстаған Айзаға қарсы жолыға кетті. Шошып қалған қыздың қолындағы дарбыз жерге ұшып кетті де, бырс-бырс етіп жарылып қалды. –Ағатайым-ай, бұл сіз екенсіз ғой. Мен сондай қорқып кеттім,–деді ол езу тартып, жарылған дарбыздарға көңіл де бөлмей. – Мені іздеп шығып па едіңіз? –Ия. –Қорқады деп ойладыңыз ғой? –Әрине, қорқатын ба едің? –Ой, сұмдық? –Олай

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11