ЕҢ БАҚЫТТЫ ТҮН

болса, кешке жақын неге жалғыз шықтың? Айза оң қолының сұқ саусағын ерніне апарып, әлденеден қысылғандай біраз үнсіз тұрды да, кенеттен: –Мына қараңызшы ағай, үлкен дарбыз тура екіге бөлініпті. Келіңіз, отырып жеп алайық. Жарылған дарбыздың шырыны ағып, шаңға сіңіп жатыр екен. –Пышағыңыз бар ма ағай? Жүсіп жоқ екенін біле тұра қалтасын бір соқты да, үнсіз басын шайқады. –Енді қайтеміз? –Білмеймін. –Мейлі, қолмен-ақ жей саламыз. –Қалайша, жумай-ақ па?–деді Жүсіп таңданғандай. –Бізге өзен жақын ғой. Олар қол жуып келіп, жарты дарбызды ортаға қойды да, үнсіз жей бастады. –Қандай тәтті шырын!–деді Айза рахаттана тамсанып. –Өте! Тағы үнсіздік. Анда-санда бастары ғана түйісіп, тез тартып ала қояды. Дәл қазір олар дарбызға ықлас бөлген болып отырғанмен, әрқайсысы өзінше сезім арпалысына түсіп отыр еді. Бір кезде Жүсіп Айзаның аппақ қолдарына абайсызда тиіп кетті де, енді саусағын дарбыздың басқа жағынан сала бастады. Бірақ еріксіз бір дүлей сезім оның қолын Айзаның қолына жақындата түсті. Жүсіп кенеттен Айзаның сүйріктей саусақтарын алақанымен баса қойды да, жаза күткен қылмыстыдай оның жүзіне қадала қалды. Жігіт қимылына қыз әрқашанда қарсылық көрсетеді. Сол сияқты Айза да Жүсіптің жүзіне таңданғандай бірнеше секунд бойы қимылсыз қарап отырды. Ал, шындығында, ол таңданған жоқ еді. Керісінше… ой, құдай-ай, ол осыны бірнеше күн бойы іштей күткен жоқ па! –Дарбыз тәтті ғой, ағай,ә?–деді ол. Оның үні сыбырлағандай әрең ғана естілді. Жүсіп Айзаның қолын босатты да: –Өте тәтті,–деді даусы дірілдей шығып. Олар орындарынан тұрды да, өзенге барып қолдарын жуды. Әлгі бір екеуіне де дарбыздан мың есе тәтті боп көрінген қимыл сөз тетігін бітеп тастағандай болды. –Біз енді не істейміз?– деді Айза ұзақ үнсіздіктен соң Жүсіпке қарап. –Не істегені қалай? –Дарбызды. –Қайтып барып алайық. Жақын ба? –Жақын. Олар солай қарай жүгіре жөнелді. Айза қалып қоя берген соң, Жүсіп оған қолын созды. Айза алғашқы кезде тартыншақтап Жүсіпке саусағының ұшынан ғана ұстатты. Бірақ, біраз жүгірген соң, қыздың кішкене алақаны, қыса ұстаған жігіт қолынан көрінбей кетті. Бір кезде Жүсіп кілт тұра қалды да:   –Тыңдашы!–деді Айзаға үрейлене қарап. –Нені? –Алдымызда ысқырған Нұртөлеу емес пе? Айза біраз тыңлап тұрды да: –Я, сол, қой айдап келе жатыр, –деді бетіне қорқыныш

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11