ЕҢ БАҚЫТТЫ ТҮН

жоқ. Тек, бірнеше минуттардан соң: –Ағай, сіз бұл әнді маған үйретіп кетесіз ғой, ә?–деді баяғы жайдары үніне салуға тырысып. –Сөз жоқ үйретемін. Дәл осы кезде Айзаның алғаш рет Жүсіпке: «Сіз ән шығарсаңыз, дүниеде менен артық қуанышқа бөленген адам болмас сірә»,–деген сөзі екеуінің де есіне түсіп кетті де, бір-біріне әлденеден ақтала қарасты. Жүсіп Айзаның не себепті шексіз қуанышқа бөлене алмай отырғанының себебін, әрине жақсы түсінді. Сондықтан, әннің қалай шыққандығы туралы сұрап, қарындасының дәл қазір жанын азапқа салғысы келмеді де, салқын ауа жұту үшін тысқа шығып кетті. Ол далада біраз уақыт қыдырып жүргеннен кейін үйге қайтып кіргенде, Айзаның стол жанында дірілдеп тұрғанын және қолында умаждалған қағаздың бар екенін көрді. Айза өзінің сол бір нәзік сезімінің нәтижесінде көзіне моншақтаған жас алғанын шындығында, енді жасырын ұстай алмады. Бұдан әрі соза беруге,  оның нәзік  жаны төзе алмаған еді. Ол стол үстіне қағазды лақтыра салды да, ұялғаннан от боп жанған бетін алақанымен басқан бойы далаға жүгіре жөнелді. Жүсіп бейне бір суға сүңгитін адамша, демін ішіне тартып алды да, дірілдеген саусақтарымен стол үстіндегі қағазды алып, дәл бір қолына мина ұстағандай, ақырын ғана аша бастады. Қағазда  былай деп жазылыпты: «Ағатайым менің! Сіз бұл жерден кетіңізші, мүмкіндігінше тезірек. Мұнан әріге төзе алмаймын, аяңызшы мені!». Жүсіп жуық арада сауыға қоймайтын ром ішкен теңізшідей теңселіп кетті. Ол қағазды умаждаған бойы қалтасына салды да, столға сүйеніп ұзақ тұрды. Қанша уақыт тұрғанын кім білсін, «Жүсіпжан, тамағыңды іш»–деп шақырған әжесінің дауысынан ол селк етіп оянып, далаға шыққанда, Айза басына көрпені тарс бүркеніп, не ұйықтағаны, не ояу екені белгісіз, қимылсыз жатыр екен. Айзаны  Айғаным әжей қанша оятса да, ол жансыз адамдай, баяғысынша селт етпестен жата берді. –Оған не  болған, ауырып қалған жоқ па?– деген ағасы мен жеңгесінің сұрағына Жүсіп пен Айғаным әрине, «қайдам» деп жауап берісті. Ас үстінде Нұртөлеу Жүсіпке «Саған бұл жер ұнамады ма, неге көңілсізсің?», «Оқуды бітірген соң қайда орналасатын ойың бар?», «Бізге енді қашан келесің?» деген сияқты сұрауларды асты-үстін беріп, оның жауабын да күтпестен әрнәрсе туралы сампылдап сөйлеумен болды. Жүсіп  оның сұрақтарына қысқа-қысқа жауап беріп келді де, «ағай, мен ертең жүретін едім»,– дегенді айтып салды. Әрине, мұндай күтпеген сөзден бәрі де дүр сілкініп, бір ауыздан «Неге?» деп шошып кетісті. Бұл сұраққа Жүсіптің әрі оңай, әрі ешқашан қарсылық көрсетіп, шара қолдандырмайтын жауабы әзір еді. Ол – демалыс мерзімінің бітіп қалғандығы деп сылтау айту. Олар Жүсіптің сөзіне амалсыз көнді де,

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11