ҚАБЫЛАН

тапсырып, аузы қисайыпты да қапты. Бұл уақиғаға таңданып, мысықтың жанына келгенімде, оның жанында жатқан бір кесек қызыл етті көрдім. Бәрі де түсінікті болды! Жаюлы тұрған еттен алып қашып бара жатқанын Қабылан көріп қалып, жазасын сол жерде берген екен! Мысықты ол баяғыдан жек көретін еді, ақыры түбіне жетіп тынды. Кешке қарай тынышталған болды. Біз қайта-қайта көріп қойып отырдық. Түн болып, ас-су ішіп біткен соң тағы шығып, шартаққа кіргенімде Қабыланды көре алмадым. –Көке, Қабылан жоқ!–дедім үйге қайта кіріп. –Жоқ, дейді? Әттесі-ай, бекер босаттық-ау, бір бәлеге ұрынып жүрмесе болар еді сол. Ізде олай-бұлай шығып! Мен аяқ жетер жердің бәрін шарлап шықтым. «Қабылан келмеді ме?» деп Беріштікіне де барып қайттым. Ол жақта да төбет жоқ болып шықты. Үйге келген соң әкем атқа мініп іздеуге шықты. Шолақ таймен мен де кеттім. Үйге таңға жуық оралдым. Ештеңе таба алмадым. Күн көтеріле бергенде әкем келді. Далаға шыққанымда оның Қабыланды ат үстінен сирағынан ұстап шартақ жанына қойып жатқанын көрдім. Жүрегім мұздап, өн бойымнан жан кетіп қалды. «Жақсы ит өлігін көрсетпейді» деген осы ма, әлде, ерекше туған Қабылан ақтық демін өскен жердің ауасымен алғысы келді ме екен, әкем оның денесін көшкен жұрттан тауып әкеліпті. Бұл бәрімізді, әсіресе, жаңа көрші Жаңабайдың үй-ішін де қатты таңдандырды. Күн сәскеге таянғанда Қабыланды Бақанастың түстік жағындағы бір төбешікке жерледік. Көрші Жаңабай жер қазысты. Бір мойын Беріш бір сұмдықты сезді ме, төбесін де көрсетпей, үйінен шықпай қойды.  

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15