ҚАБЫЛАН

борсыққа қанағаттанбай екі көзі шатынап отыра кетті. Мен оны өзіме қаратуға қорқып, не істерімді білмей селтиіп тұра бердім. Қабылан байқайтын емес, ашу мен айбат буып тастаса керек. Осы кезде «Қабылан» деп жай ғана дауыстап қалдым. Ол жалт қарады. Көзіндегі от шашқан қайраты мен айбаты сол сәтте-ақ бәсеңсіп, әлденеден қысылғандай маған жасқана қарады. Шындығында ол мені бас салып әлгі борсықтай борша-борша етіп тастар ма екен деп қатты үрейленіп тұр едім. «Күшім, күшім» дедім оны еркелетіп. Даусым қалтырай шықты. Қабылан жапан далада жалғыз өзінің жасаған мұндай қылығынан қысылып, маған қарай жаймен жақындады. Мен оны ертіп қой соңынан кеттім. Жол-жөнекей оның қайраты бойына сыймай тасып бара жатқандығы жайлы ойлаумен болдым. Осы ойымды әкеме айтқанымда, ол кісі де менің пікірімді қостады. Бір күні әкем үйдегі қасқыр терісінің ішіне шүберек тығып, айнымаған тірі қасқыр етті де, үй сыртындағы қыр астына апарып тұрғызып қойды. Сонан соң екеуміз Қабыланды ертіп келдік. Еңістен түсе бере әкем: «Қабылан, айт-айт» деп қалды. Төбет әкем нұсқаған жаққа жалт қарап, «қасқырды» көрген бетте күдірейіп тұра қалды. Көзді ашып-жұмғанша болған жоқ, Қабылан оқтай атылып «қасқырға» жетіп барды да, арс етіп желке тұсынан ала түсті. Біз жеткенде ол қасқыр терісін қырық парша етіп, шүберектерді шашып тастапты. Қабыланның көзі қанталап, ашуы асқынып тұр екен. Қарсыласының тез жеңіліп қалғанына ызаланғандай қынжыла бір қыңсылап алып, шашылған тері бөлшектерін одан бетер жұлқылай түсті. «Қабылан, Қабылан болды, болды енді» дедім мен дауыстап. Ол біз жаққа бір қарады да, әлгі әрекетіне өршіге-өршелене кірісті. Біз оны әрең дегенде ажыратып алдық. Ол әлгі орыннан кетпей қойды. Әкем шашылған тері мен шүберектерді қапқа салып алған соң Қабылан артына қайта-қайта қарап соңымыздан ерді. Сол күні Қабылан түнемеге ұйықтамай үріп шықты. Үнінде бұрынғы бейбіт ырғақ жоқ, әлдекімге арналған ызалы, ашулы, зілді кек бар еді. Бір күні Қабылан екеуміз қатты ренжісіп қалдық. Қыс ортасы болатын. Үлкен боранның хабарын жеткізіп, аспанды қаптаған сұрғылт бұлт майда қиыршық қар тастап тұрған. Мұндай кездерде әдетте күн май тоңғысыз болады. Үстіндегі қыс киімің ауыр тартып, маңдайың жіпси бастайды. Көңілденіп, асыр салып ойнағың-ақ келеді. Бірақ, бүгін көңіл-қошым жоқ. Бәріне себепші әкем. Колхоз орталығында бүгін онжылдықты бірге бітірген достарымның біреуі үйленеді. Тойына мені де шақырған. Шопан жаны қашан да сауық-сайранға құмар-ақ емес пе? Жайлауда үй-іші адамдары мен шексіз даладан өзге ешнәрсе жоқ қой. Алғашқы кезде бұл бір қалыпты жансыз өмір адамға жат көрінеді, сонан соң оған да үйренеді. Енді саған елді жердегі шулы өмір жат бола бастайды. Даламен, қырмен, құлқайырмен, көкшіл аспанмен тілдескің келеді де тұрады. Ал мен, бір жылдан асып барады, әкем

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15