ҚАБЫЛАН

сияқты алаңсыз үйрене алмай-ақ келемін. Ойымнан орталық шықпайды. Қолым бос болса, әлденені сылтауратып солай қарай тартып кеткім келеді де тұрады. Міне, сондай себеп табылды. Тойға бармақ болдым. Қуанышым кеудеме сымай сандықтағы көк костюмімді алып «самауыр» өтекпен түні бойы өтектедім, құрым етігімді жалтырата майлап, шашымды жудым. Сосын қолға былтыр ғана үйретілген шолақ тайдың жалын тарап, ер-тұрманымды сайлап, қысқасы, нағыз жігіт қалпыма келіп, таңға жуық қана көз шырымын алуға жантайдым. Күн шығып, аяз сынған соң жүріп кетпекпін. Бірақ… таң атқан соң тәтті ойымның бәрі әдіре қалды. Орнымнан тұрып, апыл-ғұпыл киініп жатқанымда, әкем кіріп «бармайсың» деді. Сол, «бармайсың» деді. Сонда алып бара жатқан шаруа да жоқ. Болмашы ғана нәрсе. Насыбайы таусылып қалыпты. Енді колхоздағы тамыр насыбайшысына бармақ, ал мен, үш-төрт күн бойы кеудесіне нан пісіп, соңғы таңымды ұйқысыз өткізген мен, қой бағып қала бермекпін. Жалындым, енді көктемге дейін ешқайда бармай-ақ қояйын, насыбайды қанша керек болса мен алып келер едім деп өтіндім. Болмады. Насыбайдың сапасын ажырата алмайсың деді. Сонан соң ләм демедім. Үстімдегі киімімді шешіп лақтырып-лақтырып жібердім де, тамақ та ішпестен қайта киініп, әлі ерте болса да қойды қорадан дүркірете шығарып өріске айдап кеттім. Кеудемде ыза қайнап, қақпағы жабық қазандай жарылғалы келемін. Ат та мінген жоқпын, қолыма түсе кеткен бір жыңғыл таяқты алып қарды гүрт-гүрт кешіп қой соңынан келемін. Бір кезде иығыма әлдекім асыла кетті. Жүрегім су етіп артыма қарағанымша болмай шалқамнан түстім. Құлап бара жатып алға қарай жүгіріп бара жатқан Қабыланды көрдім. Ол да ойнайтын кезді тапқан екен! Қашан қуып жетіп жүр? Ашуым онан сайын қозды. Орнымнан көтерілемін дегенше ол қайта келіп тағы домалатып түсірді. Басын шайқап, арсалаңдап еліріп-ақ жүр. «Болды, болды енді, жоғал» дедім зекіп. Қабылан онымды тыңдар емес, есіріктеніп алған шалдуар бала секілді енді тұрып келе жатқанымда қайта жығады. Қабылан алысқа барып, шоқиып отырды. Тұрып келе жатсам қайта жүгірмек. Қой едәуір алыстап кетті. Ыдырап кетуі мүмкін. «Әй, Қабылан, жынданба енді,– дедім. – Отыр тыныш!». Сөйттім де жалаң қолыммен қар тіреп ақырын көтерілдім. Ол арсалақтап шауып келе жатыр. «Жоғал, жоғал әрі!» Сөйткенше болған жоқ ол менің рәсуәмді шығарып тағы домалатып кетті. Суыққа тоңып әбіржіп, итке әбден ызам қозды. Екінші бір жүгіріп келе жатқанда қолымдағы жыңғыл таяқты сілтеп қалдым. Соққы Қабыланның дәл құлақ шекесінен тиді. Ол шыдамдылығына басып қыңқ еткен жоқ, бірақ сол орнында отырып қалды. «Сол керек, сол керек саған. Жылайтын бала әкесінің сақалымен ойнайды, отыр енді!» Үстімнің қарын қағып, қой соңынан жүріп кеттім. Қабыланға бұрылып та қараған жоқпын. Ол қатты ренжіп қалды. Арада жарым сағаттай өткен соң ол қойдың келесі жақ

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15