АЙ-ПЕТРИ АҚИҚАТЫ

болды сендерге? — Мама… мама… Папам қызметтен босады… Басқа жұмысқа ауысуына байланысты… Жамалдың қолынан трубка түсіп кетті. — Міне, гәп қайда?! Заттарын шала-шарпы жинап, қол сандығына салды да, ел жатар-жатпастан автовокзалға тартты. Таңға жуық ол Алматыға ұшты. Төменде көк жасыл кипаристерге көмілген шағын қала, бірнеше жылдың ішінде «өз туыстарындай жақын боп кеткен» сол қаланың адамдары, замана шежірелерін үнсіз ғана қойнына тығып, ғасырлардан ғасырларға сапар шеккен, «тіршілік» деген құбылыстың ұсақ-түйегіне селт етпейтін асқақ та маңғаз Ай-Петри қалып бара жатты. Қайтып келер-келмесі белгісіз, мұнда өткен өз ғұмырының бір бөлігі де Ай-Петри аңызындай ежелгі ертегі сияқты сәт сайын алыстап барады. Шыр етіп туылғаннан ең соңғы ақтық демнің арасы өмір деп аталатын болса, сол өмір жолында адамдар тіршілігінің көп бөлігі өзін-өзі алдарқатумен, есі кірмеген сәбидей алданумен өтетінін де Жамал жер үстінде емес, жерден алыста, шырқау биікте белгісіз нүкте боп бара жатып алғаш рет ойланды. Бәлкім, «тіршілік» деген де аңыз шығар? Әлде, расымен ақиқат шындық па?

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13