АЙ-ПЕТРИ АҚИҚАТЫ

сағат онда сигнал бердіңіз. Менімше, сағаттың минуттық стрелкасы ғана емес, секунды да сол кезде онды көрсетіп тұрған шығар-ау. Мұндайды біздің елде «немісше дәлдік» деп атайды. — Өкінішті, өкінішті, Жамал Сағатовна. Теңізшілерше ұқыптылық десе әлдеқалай орынды болар еді. Қалай, жақсы демалып жатырсыз ба? — Рахмет. Әзірге ешкімге айтар арызым жоқ. — Міне, тамаша! Сізге теңіз ауасы өте жағады екен, өткен жолғыдан… а, кешіріңіз, әрине, өткен жолы да әдемі болатынсыз, бірақ бұл жолы одан да құлпырып кетіпсіз. — Қойыңызшы, Евгений Степанович, сіз де артық әзіл айтатын болғансыз ба? Менің жасымда қайдағы құлпыру? — О, сіз өзіңіз жайлы қалай болса солай ойламаңыз. Ал мен сіз жайлы сіздің өзіңізден әлдеқайда жоғары ойлаймын. Менің бір досым айтады: «Әйел адам қашан да сұлу болуы керек, ал ол сұлулықты қайдан алады — онда менің шаруам жоқ» дейді. Менімше, аса батыл айтылса да, көңілге қонарлық сөз ғой деймін. — Иә, иә, қалай дегенмен жаны бар сөз… Ал бүгін маршрут қалай? — Баяғы сіздің сүйікті маршрутыңыз — Ялта — Ай-Петри. — Назаров екі қолын жайып, басын оң жағына қисайтып, бір сәтке бағынышты адамның кейпімен мүләйімси күлді. — Әрине, біздің жүк таситын теплоходымызда асқақ талғамның әйелдеріне арналған каюта жоқ, сонда да болса біздің команда сізден ұялып қалмаудың бар мүмкіндігін қарастырған болды. Қане, жүріңіз. Олар басқыш арқылы палубадан төмен түсті де, теплоходтың алдыңғы жағына таман орналасқан бір кісілік каютаға кірді. — Бұл біздің жігіттердің демалатын бөлмесі, — деді Назаров стол үстінде қалып қойған арақтың бос бөтелкесі мен стакандарға қарап тұрып: — Әй, қулар-ай, өздері жинап, артынша ыбырсытып жүргені. — Ол теплоходтың қараңғылау бұрышы жағына қарап дауыстады. — Мичман Панин! — Түпкір жақтан «Мен мұндамын» деген дауыс саңқ ете қалды. — Енді сен онда болма, мұнда бол. Жарты минуттан соң каютаның есігінен жирен мұртты, көзі ойнақшыған, қағылез сары жігіт сығалады. — Не бұйырасыз, жолдас капитан? Назаров оған бір, стол үстіндегі бөтелкеге бір қарап алды да: —Босаған бөтелкені сыйламайсыңдар, ә, — деді басын шайқап. —Дұрыс айтасыз, жолдас капитан, босаған нәрсені онша сыйлай бермейтініміз рас еді. — Немене, егер мен капитандықтан босап қалсам, мені де сыйламайсыңдар ма сонда? — Сыйлаймыз, неге сыйламасқа? Бірақ бір өкініштісі сол сіз бен біз кездеспей кетеміз ғой, — Жігіт стол үстін қас пен көздің арасында тап-тұйнақтай етіп жинап, сүртіп алды да, Жамалға қуақы көздерімен күлімсірей қарап шегіншектеп кетгі. — Теплоход бортындағы тазалықты сақтамағаның үшін кінәлісің, — деп айғайлады Назаров оның соңынан. — Қалыңдығыңа қоштасу хат жаз да, әлгі бөтелкеге салып суға лақтыр. Порттан ұзаған соң борттан өзіңді лақтырамыз. Жігіттен

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13