АЙ-ПЕТРИ АҚИҚАТЫ

астымен күлімсірей қарап. — Рахмет. Дегенмен, ыңғайсыз екен. Орынсыз тілек айтып, масыл болған сияқты сезінесің де жүресің. — Демек, сіз біздің өзіңізге деген шын пейіліміз бен ықыласымызға шүбә келтіресіз. Солай ғой? Әрине, әрине, солай, — Назаров жас баладай бұртиып, темекісінің күлін теңізге қарай бір-екі рет ызалана шертіп-шертіп қойды. — Оған ренжімеңіз, — деді Жамал, ойыны ма, шыны ма дегендей капитанға жай ғана жымия қарап. — Айту парыз ғой. Сый-құрметті теңіз сияқты үнсіз жұта беруге де болмас. Назаров сағатына қарады да, мүлде жайдары үнмен: — Жамал Сағатовна. Біздің теплоход осы арада бір сағаттай аялдайды. Теплоход экипажының тілегі бойынша, ол бір сағатты сәскелік ас ішуге арнағалы отырмыз, — деді — Қане, жүріңіз, — Назаров оң қолымен палубаның қиыр бір шетін көрсетіп, сол қолымен Жамалдың қарынан ұстады. — Япыр-ай, сіздер сонша неге әурелендіңіздер? Тамақ деген онда да жеткілікті еді ғой, — деді Жамал иегімен көрінбейтін жағалау жақты меңзеп. — Әлбетте, ол жақтағы жұрт аш отыр деген ойдан аулақпын, әйтсе де, біздің бортқа аяқ басқан соң қонақасы бермеу де көргенсіздік емес пе? Төбеден күн төніп, ауа тымық, аспан ашық боп тұрғандықтан олар тамақты капитанның каютасынан палубаға көшірді. «Мичман Панин» бастаған екі-үш елгезек жігіт әп-сәттің ішінде палубаның қақ ортасына көшпелі шатыр стол мен орындықтарды әкеп, әртүрлі шарап пен тағамдарды үйіп тастады. Жамалдың денсаулығы үшін бірнеше рет тост көтерілді. Алыстағы Заманбек те ұмыт қалған жоқ. Оның ақылды, іскер, дарынды ұйымдастырушы, көреген басшы екені талай рет айтылды. Арал теңізінде жай жұмысшы боп жүргенде оны оқуға жіберуге көмектескен Заманбек екенін айтып, Назаров оның денсаулығы үшін де тост көтерді. — Кінә өзімнен болды, — деп өкініп қойды ол сөз арасында бас шайқап. — Мен ол кісіні алдап кеткендей болдым. Махаббат жарықтық есімді алды да, Қара теңізден бір-ақ шықтым. Демалыс алған соң ол кісіге арнайы кіріп сәлем беремін де, үмітін ақтамай кеткенім үшін кешірім өтінбекпін. Егер менен үмітін біржолата үзбеген болса, ол жағын да байқап көрмек ойым бар. — Жолдас капитан, сонда сіз бізді тастап кетпексіз бе? — деді «Мичман Панин» рюмкаларға коньяк құйып жатып. — Жоқ, теплоходтарыңмен қоса арқалап кетемін. — Елігіңкіреп алған жігіттер ду күлді. — Мәдениет пен этикаға адам баласын еш уақытта үйретуге болмайды. — деді Назаров әлден соң тың әңгіме бастап. — Оны құдай береді. Ол адаммен бірге туылады. Ол ана сүтімен еніп, сүйекке сіңеді. Менің бір танысым болды, өзі екі институт, бір университет бітірген. Алғаш оқуға кеткенде қандай надан болса, екі институт, бір университет бітіргеннен кейін де сондай надан болып оралды. — Ол қолын сермеп,

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13