АЙ-ПЕТРИ АҚИҚАТЫ

жатыр екен? Тек өлімге бел буу ма? Жо-жоқ, ол мүмкін емес, өлімге өзі тәуекел етпегенше адам өмір үшін күресіп бағады, қараңғы түнде, ұшы-қиырсыз дауылды теңіз үстінде, жападан-жалғыз тақтай құшақтап қана қалған әлжуаз, екіқабат әйелдің өзі өмір үшін арпалысады, адамнан болсын, Алладан болсын, меңіреу табиғаттан болсын, әйтеуір бір үміт оның кеудесінен өше қоймайды. Міне, дауыл да басылды, теңіз үстінде тыныштық орнады. Үміт бар — енді ол толқын соғылып, опат болудан аман қалды. Жо-жоқ, ол да алдамшы, уақытша үміт екен. Су бетінде осылайша қалқып қашанғы жүре беруге болады? Бір күн, екі күн, ары қарай не болмақ, арғы күннен не күтпек? Әйел бойындағы соқыр үрейді санаға жеңдіре білді, ертеңгі күннің бұдан да өткен азабынан сескенді. Сол азапты көрмеу үшін ол өзін-өзі суға тастауға, сөйтіп, бірте-бірте жақындап келе жатқан қаралы тағдырының алдын орауға бел шешті. Қанша қатыгез болса да, жарық дүние сыйлаған мына ит өмірмен қош айтысып, өз иманын өзі үйіре бергенде, қара түнекті қақ айырып, найзағай оты жарқ ете түсті. Сол найзағай отымен бірге оның қарсы алдынан тұлғасы асқақ ақ жартас елес беріп өткендей болды. Әйел өз көзіне өзі сенбеді. Сенбесең анықтап көріп ал дегендей, найзағай тағы жарқ етті. Бұл жолы ақ тау ап-анық көрінді. «Ай-Петри! Құдай-ау, мынау Ай-Петри ғой!» Қуаныш толқыны әйел кеудесін жарып кете жаздады. Ол өзі жабысқан тақтайды жартасқа қарай жанталасып есе бастады. Ол жылаймын деп ойлаған жоқ, жылауға мұршасы да болмады, бірақ екі көзінен жас сорғалап келе жатқанын өзі де сезер емес… — Жамал Сағатовна, тағы да жақындайық па, әлде осы қашықтық жете ме? — деген ту сыртынан естілген Назаровтың үнінен Жамал селт ете түсті. Назаров Жамалдың түрін көріп, сәл аңырып тұрып қалды. — Жамал Сағатовна, сізге не болған? Япыр-ау… — Ол шын абыржи бастады. — Сіз немене… сіз жылағансыз ба? — Ім… м… жо-жоқ. — Жамал сәл абдырап, қол сумкасынан орамалын іздей бастады. — Неге жылайын… — Қызық екен, — деді Назаров түкке түсінбей. — Жаңа ғана арамызда ойнап-күліп отырған адам, енді кеп, сәл оңаша қалғанда… Айтыңызшы, не боп қалды? — Ештеңе де. — Бәлкім, елден бір жағымсыз хабар келіп, сіз оны бізден жасырып жүрген шығарсыз? — Жоқ, құдай сақтасын. Бәрі де ойдағыдай. — Енді не? — Назаров әйелдің жүзінен әлденені ежелеп оқығысы келгендей оған иіліп, сәл үнсіз қарады. — Сіз бар ғой, сіз осы Ай-Петриге көп келесіз. Бәлкім, өміріңіздегі үлкен бір оқиға осы таумен тығыз байланысты шығар, ә? Солай ма? Айталық, сезім, алғашқы махаббат, алғашқы құрбандық дегендей… — Назаров оны сергітпек боп, көңілді үнмен секектете сөйлеп бара

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13