ЕСКЕРТКІШ

айтып, Әштеннің сарайында қырық жыл жатқан қатқан теріні мұқият орап, «adidas» деген жазуы бар сөмкесіне салып қойды. Шетелдіктер асықтырмақ түгілі жеңінен тартса да кетер болмады. Делегация жетекшісі ұзын ағылшын сөз сөйледі. Осындай сирек кездесетін ескерткішті өз көздерімен көргендеріне шексіз бақытты екендіктерін, бұл оқиға рухани өмірлеріндегі ең бір жарқын да әсерлі боп есте қалатындықтарын айтты. Одан соң шотландық ағылшын сөз алды. Ол көңіл-күйлерінің аса көтеріңкі екендіктерін, мұндай сапар жөнінде елдеріне барған соң кең түрде әңгімелейтіндерін, ескерткіш қолынан түскен жай ғана терінің британ музейінде сақталып, барша халықтың ортақ мүддесіне айналатынын және бұл терінің музейге сатқанда кем дегенде он мың фунт-стерлинг болатынын, сондықтан, 500 фунт-стерлингті қайткен күнде де тастап кететіндіктерін ұялмай, жасырмай ашық айтты. Әрине, бірінші – сана, ал ақша – адам өміріндегі төртінші, бесінші – атрибут деп тәрбиелеген біздің адамдар шу етіп, әмиянынан шығып қалған ақшаны оның қалтасына қайта салып берді. Осы кезде тағы да әлдекімнің: «Қап!» – деген дауысы естілді. Шетелдіктер тағы аңтарылыса қалды. Бірақ бұл жолы да ешкім аңғара алмай қалды. Мал шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі республикада кең тарап келе жатқан қостілдіктің пайдасын нақ осы жолы анық көрді. Ол райкомның бірінші секретарына әлденені түсіндіріп жатқан боп қазақ тілінде: –Әй, Әштен! Біз де ерігіп тұрған жоқпыз. Мына қонақтар сені шыр айналып кететін емес. Сәл шыда. Енді бес минут. Сонан соң кетеміз,– деді. –Ескерткіш жақтан әлде қиналыс, әлде ызаны білдірген бір түсініксіз дыбыс естілді. –Әй, тыныш тұр, –деді ол тағы да жерге қарап тұрып. – Ендігі жетпегені сенің сол жақта тұрып бізбен ұрысуың еді! «Қап! Валюта!» деп кіжінді Әштен қаға берісте қысқа қайырып. –Мистер Конрад,– деді идеология секретары аудармашыдан делегация жетекшісі ұзын ағылшынның аты-жөнін біліп алып. Ол бұған жалма-жан жалт қарады. —Кешіріңіздер, бізді күтіп қалды. –Ол сағатын саусағымен соғып-соғып қойды. –О-о, та-та! Надо, надо! – деп ол да өзгелерге әлденені ағылшынша суылдата жөнелді. Бес-алты минуттан соң ескерткіш алаңы бос қалды. Олардың шуы басылып, бір төбе айнала бергенде Әштен бүкіл делегация мен бір топ өз отандастарын айызы қанғанша, бір әрпін қалдырмай шешелерінен боқтап, тұғырдан түсті. Жарты сағат бойы қимылсыз тұрғандықтан аяқ-қолы сіресіп, белі қозғалтпай қапты. Тұғырдан түскен бетте ол қалтасындағы төрттік бөтелкені суырып ап, «сарыағаштан» қылқылдата жұтты да, үйіне қарай қиралаңдай жөнелді. Жұрттың көзі енді ұйқыға ене бергенде шотландық ағылшын көрпесі өртенгендей баж етіп орнынан атып тұрды. Қасындағы Конрад не болғанын сұрады. Ол тері салған сөмкесін ескерткіш басында қалдырып кетіпті. Конрад орнынан тұрып, келесі бөлмеде жатқан аудармашыға болған жайды түсіндірді. Аудармашы ескерткіш алаңының алыс емес екенін, қонақ үйден шыққан бетте тура жүре берсе, оң

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14