ЕСКЕРТКІШ

қол жақтан еңселі комбинат үйі көрінетінін түсіндірді. Керек болса бірге еріп баруға дайын екенін айтып еді, мына тұрған жерге әуре болмай-ақ қойыңыз, өзім-ақ барып қайтамын деп Джонс шала-пұла киініп далаға атып шықты. Ары кетсе он-он бес минуттық жол еді, жарты сағаттан асты, Джонс әлі жоқ. Оны жалғыз жібергені үшін аудармашы өкіне бастады. Ол Конрадқа қайта келді, «солай да солай», «Джонс әлі жоқ» деді. Қонақ үйдегі бүкіл шетелдік аяқтарынан тік тұрды. Конрад пен аудармашы плащтарын киіп, енді іздеуге шыққалы жатқанда үсті-басы малмандай су, әбден шаршаған, әбіржіген, жалтыр басына дейін балшық шашыраған Джонс кіріп келді. –Таппадым, –деді ол ентігіп. –Қалай? –Сол. Сірә, мен, адасып кеткен болсам керек. –Құдайым-ау, адасқың келсе де адаса алмайтын жер ғой ол, – деді аудармашы. —Осы жерден екі көше тік өтсең болды үлкен комбинат көрінеді. Көрінді ме? –Иә. –Міне, сол комбинаттың алдында тұрған ескерткішті қалай көрмедің? –Жоқ,–деді ол екі көзі үрейге толып. –Ескерткіш жоқ! –Қалай? Жоғы қалай? –Қалай болушы еді? Сол, Жоқ! Комбинат тұр, ескерткіш жоқ! –Сіз… Әсте… мүлде басқа жаққа кеткен болдыңыз ғой, –деп күлді аудармашы. –Жүріңіз, екеуміз барып көрейік. Олар комбинат алдына келгенде өз көздеріне өздері сенбей тұрып қалды. Бәрі тұр, тіпті, тұғыр да орнында, тек ескерткіш жоқ! Аудармашы мен шетелдік бір-біріне қарады. Сонан соң көздерін уқалап тұғыр үстіне қайта үңілді. –SOS! – деді Джонс айғайлап, – SOS! Ескерткішті біреу ұрлаған. –Мүмкін емес, – деді аудармашы басын шайқап. –Әбден мүмкін! Біздің елде мұндай оқиға жиі кездеседі. Ливерпульде теміржолдың көпірі ұрланғанын естіген боларсыз. Бір түннің ішінде! –Иә, естігем! –Шынында да, совет газеттерінде Англиядағы ұрланған теміржол көпірі жайлы хабар шыққан. –Теміржол көпірінің қасында ескерткіш деген не тәйірі! Қалтаға салып кететін қуыршақ емес пе? Мынандай сирек кездесетін ескерткішке қарауыл қоймау деген жауапсыздық қой. Міне, бөтелке жатыр, ұрылар арақ ішкен! Шетелдіктер бүкіл қонақ үй мен аупартком қызметкерлерін аяқтарынан тік қойды. Қонақ үйге Жанайдаров пен идеология секретары келді. Мән жайды түсінген соң олар есінеп тұрып: –Олай болуы мүмкін емес, – деді. –Неге мүмкін емес! Әбден мүмкін! Жаңа ғана өз көзімізбен көріп келдік! Мен сумкамды сонда ұмытып кеткен екенмін. Соны іздеп барғанда көрдік. Бірақ сумка табылмады. Жанайдаров, әрине, қонақ үйге келе жатып шетелдіктердің неге шуылдап жатқан себебін анықтап алып, нұсқаушыларды Әштенге жіберіп, тез орнына барып тұрсын, жаңбыр да, қар да жоқ, күн жылынды деген. Телефон шыр ете қалды. Нұсқаушылар бәрі дайын екенін айтты. –Қазір көрейік. Жүріңіздер, – деді Жанайдаров. Біздің елде ескерткіш түгіл көшеде жатқан ақшаны ешкім алмайды. Олар дүрлігіп алаңға келгенде қолына жаңа қой терісін ұстап тұрған ескерткішті көрді. –Ешкім де

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14