ЕСКЕРТКІШ

ресми қағазға: «Мелден Желдібаев – Қазақстан тері өңдеу өнеркәсбінің негізін қалаушы» деп жазылды. Мелден Желдібаевтың бүгінгі алыс туысы Әштен Желдібаев №2 үй басқармасында сантехник боп істейді екен. Ол Мелденнің мінез-құлқын, түр-түсін, бойын түп-түгел сипаттап берді. Оған бұл әңгімені баяғыда әкесі көзі тірісінде айтып отырған деседі. Қысқасы, мүсіншілер оның сипаттауы бойынша Мелденнің алғашқы рәсімін қағазға түсіріп қарағанда Әштеннің өзінен аумайтын боп шықты. Олар қағазға бір, Әштеннің өзіне бір қарап отырып қалды. –Айналып келгенде сіздің алыс туысыңыз өзіңізден айнымайтын болып шықты ғой, –деп таң қалысты екі сақал. –Иә, көзі көргендердің айтуынша ол маған сойып қаптағандай ұқсас болған деседі. –Кешіріңіз, бәлкім ол сізге емес, сіз оған ұқсас шығарсыз. Қанша дегенмен ол сізден үлкен ғой. –Иә, – деді сантехник күліп. – Солай болса солай шығар. Сонымен, мүсіншілер мүсінді Әштеннің тура өзінен көшіретін болды. Демек, Әштен мына өмірде қандай болса, мүсін де сондай болуы керек. Оның бойын, жуандығын, ең арысы саусақтарына шейін өлшеп алды да, олар шұғыл іске кірісіп кетті. Ауданның Мәдениет үйіне Әштен күнде кешке жұмыстан соң келеді. Келеді де, мүсіншілер отырған бөлмеге кіріп, еділбай қойының терісін екі қолымен жоғары көтеріп, оған ынты-шынтысымен беріле, сүйсіне қарап тұрып қалады. Екі суретші жабылып екі жақтан эскиз жасауға кіріседі. Әштеннің тері ұстап салынған рәсімі жиырма шақты болды. Мүсіншілер Алматыға барған соң солардың ең ұнаған түрі бойынша әуелі балшықтан, сонан соң гипстен нағыз мүсін құюлары қажет. Үй-үйдің подвалында қызыл арақ ішіп жүрген ешкімге белгісіз Әштен осылайша аяқ астынан аудандағы ең аты-шулы адамдардың біріне айналып шыға келді. Алғашқы тері илеушіге қойылатын ескерткіштің түпнұсқасымен амандасқысы келетіндер, онымен қатар жүріп арақ-шарап дүкеніне бірге барып, тіпті, бір кезекке тұрғандары үшін мақтанатындар да көбейе бастады. Енді ол аудан басшыларының назарынан тыс қалмайтын болды. «Мүсін соғылып біткенше бір бәлеге ұшырап қалмасын, ананы байқап жүріңдер»–деген Жанайдаровтың сөзі төмендегі бағыныштыларға бұйрықтай естіліп, аупарткомның буфеті арқылы оның үйіне аса жасырын әдіспен екі күнге бір бөтелке таза бидайдан жасалған арақ жеткізіліп тұрды. Былайғы жұрт байқамасын деп арақ «Сарыағаштың» бөтелкесіне құйылып әкелініп жүрді. Бірақ Әштен қашан да Әштен ғой, бір күні қызу күйінде паркке барып, бір жігіттің қызын биге шақырып, ол шықпай, оның арты жанжалға, жанжал төбелеске айналып, ақыры Әштеннің сары белдеулі машинамен «қайтуына» тура келді. Бөлімшеге кеп, он бес тәулікке қағаз толтырылып жатқанда Әштен лейтенанттың жазу жазып отырған қолын басып тұрды да: –Р… рай-к-комға… тел… телефон соғуға бола ма?– деді. Лейтенант оған күлімсірей қарап: –ООН-ға хабарласқың келмей ме?–деді. – Хабарлас. Пьерес де Куэльяр қазір тура өзінде отыр. –М… мен… шын айтып тұрмын, – деді Әштен ауып бара жатқан

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14