ЕСКЕРТКІШ

жерінде столдан ұстап қалып. Аға лейтенант лейтенантқа қарады. –Звандасыншы, көрейік қызығын, –деді лейтенант. –Не дер екен? Аға лейтенант та күлімсіреп, басын изеді. Әштен тәлтіректеп тұрып төрт цифрды теріп шықты да, дауысын кенеп қойды. Екі милиция бір-біріне қарап, әлденеге мәз боп күліп отыр. Көп күттірмей ар жақтан біреу трубканы көтерді. –Аупарткомнің кезекшісі тыңдап тұр, – деген ер адамның зор дауысы саңқ ете түсті. –Деж… дежурный… мен…. Әштен, – деді ол қанша сыр білдіргісі келмесе де, тілі ерікке көнбей. –Кім? –Әш-тен! Әш-тен! Желдібаев! Ес… ескерткіш… тің түп нұс… қасы. Мені жап… жапқалы жатыр. Иә! – Ол екі милицияға бұрылды. Ол екеуі оқиғаның қандай бағыт алып бара жатқанын толық түсіне алмай оған аңтарыла қарап отырған-ды. —Адрес… адрестеріңіз қалай?– деді Әштен. –Аудандық милиция бөлімшесі. Кез келген ақымақ біледі. Әштен трубкаға қайта сөйледі. –Ауд… аудандық милиция. Иә. Кез келген ақымақ біледі. Әштен трубканы қойып, орындыққа жайғасты. Арада он минут уақыт өтер-өтпесте оны кезекші машина кеп алып кетті. Екі милиция түс көргендей отырды да қалды. Бұл оқиға Әштеннің беделін бұрынғыдан да көтере түсті. Бірақ белгіленген жиырма төртінші октябрьге ескерткіш дайын болмады. Аудан облысқа хат жазып, комбинаттың жүзжылдығын тойлауды ноябрь мерекесімен бірге өткізуді өтінді. Мүсін ноябрь мерекесіне де дайын болмады. Аудан облысқа тағы жазып, комбинаттың тойын жаңа жыл мерекесіне қарай өткізген жөн деп дәлелдеді. Мүсін жаңа жылға да дайын болмады. Сонан соң облыс ашуға мінді. Ауданды сөзде тұрмайтындығы үшін қатты айыптап, басшылардың мәдени жұмысты ақсатып отырғандығы бюрода қаралды. «Мүсін негізінен дайын, тек мұрны, екі көзі мен бір құлағы сияқты ұсақ-түйек мүшелер ғана бітпей тұр», –деп Жанайдаров амалсыз өтірік айтқан болатын. Бұл уәж облыс басшыларын біршама жұмсартып кетті. –Бір мұрын, екі көз, бір құлақ қалса түк емес екен,– деді басшы оларды төніп кеп қалған қатал жазадан арашалап. –Енді қашан бітіресіңдер? Екі көзді ойып, бір мұрын, бір құлақты жапсыруға көп болса бес күн кетер, солай ма? –Солай, әрине. Уәделі бес күнде де мүсін бітпеді. Мүсіншілерден: «Ескерткіш дайын, тек екі көз, бір мұрын, бір құлағы ғана қалды» деген хабар тиді. Сонан соң аудан басшылары бұл істі біттіге санап, облысқа ескерткіш дайын болды деп рапорт берді. Қазақстандағы алғаш тері илеушіге қойылған ескерткіш жайлы хабар жер-жерге тарап кетті. Аудан, облыс, республика, қала берді орталық баспасөзде бұл жайлы кең түрде хабар берілді. Сол хабардың нәтижесінде бүгін, міне, аудан орталығына сонау Англиядан делегация келе жатыр. Ескерткіш болса әлі дайын емес. Енді не істеу керек? Жанайдаровты кабинетінде сенделтіп жіберген де осы сұрақ еді. –Ал енді не істейміз?– деді ол аппараттың жауапты қызметкерлерін жинап алып. –Англияның

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14