БОНАПАРТТЫҢ ҮЙЛЕНУІ

жұтып алды да: –Арақ қой мынауың, –деді оған зекіп. –Мұның не? –Жігіттер тез жазыласың деген соң… Дөржан ойланып отырды да, бөтелкеден тағы да екі рет жұтты. Зоотехникпен таңға шейін ішкен Дөржанның арақсіңді денесі әлгі үш-төрт жұтымнан соң-ақ бойы қызып шыға келді. –Ей, сенің мына жатысың жатыс емес, – деді оған төне сөйлеп. –Айтшы, не ойлап жатсың? Бір айдан соң… тойыс, он төрт күннен соң қалыңдығыңды алып келуге барасың… Ал сенің мына гәупек басыңа түк те кіріп-шығатын емес. –Енді не дейсің маған. Өздерің ғой… –Оңбаған, жатып ішер. Ей, баяғыда өзіміз, – ол тағы ұрттап алды, – үш-ақ күнде тұрып кеткенбіз, білдің бе? –Ол баяғыда. Қазір басқа заман. –Мына мисыздың айтып жатқанын қарашы ей, немене, заман өзгерді деп адамның жаратылысы да өзгереді деп пе ең? Терің жаман! Терісінің жамандығы нағашыларына тартып туар ма бұ бәленің. –«Жігіттің жақсылығы нағашыдан» деген. –Жат тыныш, уәж айтады тағы да. Не бетіңмен мақалдатып жатсың. –Енді менің не кінәм бар? –Әкең де оңбаған, сен де оңбағансың! – Дөржан күйікке шыдай алмай арақтан молдау-молдау екі жұтты да, оны қайтадан жерге қоюдың керегі болмас дегендей бөтелкені қолынан шығармаған бойы әңкілдей сөйлеп кетті. –Бәрің оңбағансыңдар! Жүріп-жүріп кеп үйленуге бір ай қалғанда ойлауын! Болды, үндеме! –Ол әлдене дегелі келе жатқан! Бонапарттың аузын аштырмады. – Ертең тағы келем. Тырыссайшы. Жазылам деген ниет жоқ қой өзіңде. –Ол арақтың қалғанын қағып салды да, бөтелкені ешкім көрмесін деп омырау қалтасына салып қойды. –Ішіңнен құдайға сиын! Бонапарт! Садаға кет сен Бонапарттан. Ол кенет қарқылдай күлді. – Бонапарттарының «Жиделі» колхозында қандай халде жатқанын француз бейшаралар естісе қалай болар екен,ә! Естігенімен қоймай келіп көрсе!.. Ах-ха-ха! Бонапартқа да сол керек! Ол есікке жете беріп кері бұрылды да: –Ішпе арақты! Сені құртып жатқан сол! – деді де тәлтіректей басып шығып кетті. Бонапарттың жайы ағайын-туысты шынымен әбігерге түсірді. Қалыңдыққа баруға он күн қалғанда ауылдағы баяғы «төтенше комиссия» Әбдәшімнің үйіне сәскеге жуық тағы жиналды. «Комиссияның» шешімі бойынша Бонапарт молдаға қаралды, кешкілік ақ тауықпен аласталды, қара қой сойылып еті жұртқа таратылды, әулиенің басына түнетілді, үй сыртынан мылтық атылды. Бәрі зая кетті. Ағайын-туыстың амалы таусылып, енді не істерлерін білмей салдары суға кетіп отырғанда үйге Масақбай кіріп келді. –Бір сағаттан соң орталық телевизиядан Кашпировскийдің сеансы беріледі. Ол деген нағыз әулие. Қырық жыл жатқан салды орнынан тұрғызып, таздарға шаш шығарып жатыр. Телевизорды Бонапарт жатқан үйге шығарайық. –Онда розетка жоқ –деді Әбдәшімнің барлық жағдайдан жақсы хабардар кенже қызы тақ етіп. –Жоқ болса о бәлені сүйемелдеп телевизор тұрған бөлмеге әкелу керек. Дәл солай етілді… Сеанс басталуға он минут қалғанда

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10