ӨЗЕН СУАЛҒАНДА

айналыпты. Ол су жағасына келіп шешінді де жас кезіндегідей етпетінен түсіп, көпіршік атқан көгілдір иірімнен құныға жұтты. Су тұнығында майда шабақтар ерсілі-қарсылы дүркірей жүзіп, асыр салады. Ойнағысы келіп, бір-екеуі бұған жақындай түседі де, батылы жетпей жалт бұрылады. Ол басын көтеріп қайта отырды. Салқын судан денесі тобарсып, тері басылғандай, жаны жай тауып, ширығып қалыпты. Өзеннің арғы бетіне үңіле түсіп, тағы да ойға берілді. «Кәрі емеспін дейсің сен, Мүсірәлі, оныңды немен дәлелдейсің, — деді ол мырс етіп. — Ал сен жассың, қайратты-ақ екенсің делік, сондағың әлгі ме? Сенің тас қылдым деп тұрған гайкаңды Мұсахмет келіп екі айналдырды. Енді қайтесің, тағы қалай-қалай шатқаяқтайсың? Бұл сенің қартайғандығың емес пе, неге мойындамайсың оныңды!» Ол тағы да аһ ұрып, төңірекке күйіне көз тастады. Сонан соң тамыры адырайған білектеріне қарай отырып: «Я, бұрын, мен де жас едім-ау, шіркін, — деді тамсана. Асыр салдым, ойнадым, арпалыстым. Жұмысқа кіріп қолыма қайла ұстадым. Жылдар өте берді. Бір күні «Мүсеке» атандым, тағы бір күні «отағасы» атандым. Бірақ, мен егде тартқанымды сонда да байқамадым. Енді бір күні келіп жұрт мені «ақсақал» дейтінге көшті. Міне, бүгін «шал» атанып жұмыстан босандым. Онымды тағы мойындағым келмейді. О, дариға-ай, мына өмірден кімнің кеткісі келеді, кімге тәтті емес дейсің бұ жалған!..» Ол еңкейіп барып, салқын сумен бетін жуды. Одан кейін бала күніндегідей құлағын сулап, денесін үйретіп алды да, терең иірімге гүмп етіп қойып кетті. Жүзуді ұмытпапты. Ағысқа қарсы өршелене құлаш ұрды. Бұрын оңай-ақ шығып кететін иірімі қанша малтыса да түбіне тартып, оны өзінен ұзата қоймады. Ол ентігіп жағаға шықты да, күнге арқасын беріп, сонау далаға көз тастады. Төңірек сарғыш тартып қурай бастапты. Көктемде түсті кілемдей құлпырып, қарасаң көз тоймайтын атырап, енді реңі қашып, сұрланып тұр. Тек өзен жағасындағы жасыл құрақтар ғана «ана шалды қара» деп бір-біріне сыбырлағандай бастарын түйістіріп барып қайтады. «Сен, Дала, қартайдың — келесі жылы қайта көктейсің, несіне қайғырасың. Сен, Арыс, қазір суың тартылды, көктемде кемеріңнен асып төгілесің — несіне күрсінесің! — деді Мүсірәлі өзеннен көз алмай. — Ал мен ше, менде қандай үміт бар? Кәрі жанымды қалай жасарта аламын, нұры қашқан жанарыма қалай қуат беремін? Шыныменен қартайғаным ба, өмірімнің базары тарқап, мазары жақындағаны ма! Бұтақсыз өткенім бе мына өмірден!» Мүсірәлі сақалы шошаңдап көп уақыт үнсіз отырды да, буындары сырт-сырт етіп, орнынан көтерілді. Маналы бері бүкшиіп отырғандықтан, белі құрысып қалыпты. Ол асықпай басып күпәйкесінің қасына келді де, оның арасында жатқан кілтті алып ұзақ қарап тұрды. «Қош, менің жастығымның белгісі, — деді ол кілтті қолында салмақтап тұрып, — қош бол». Сонан соң Мүсірәлі оны терең иірімге

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15