ӨЗЕН СУАЛҒАНДА

лақтырып жіберді. Ауыр кілт «қүлп» етіп, су түбіне шым батып кетті. Ол сақина тәрізді дөңгелек толқындар әбден басылған соң барып, терең бір күрсінді де, үйіне қарай ақырын қозғалды. Күн тас төбеден құлап, алаулаған аптап біршама басылып қалған сияқты. Ауыл адамдары қыбыр-қыбыр етіп, Ақпан тіршілігі қайтадан басталып та кетіпті. Мүсірәлі тырмысып жар басына шыққан соң, екінші рет бұл маңға қайта оралмайтын адамдай, кері бұрылып өзенге көз тастады. «Егер мына өмірден мен мәңгі кетсем де сен дәл осы қалпыңмен аға бересің-ау, Арыс! Әлі алдыңда талай ғасырлар, талай уақиғалар күтіп тұр, сен соның бәріне де куә боласың, неткен бақыттысың! Егер, жебірейлі келіп: «Осы ғасырдың адамдарынан мың жасайтын біреу бар екен» десе, сол адам мен шығармын деп үміттенер едім-ау, жалған-ай! Неткен қымбат едің, неткен тәтті едің сен, өмір!..» Мүсірәлінің әжімді жүзінен ыстық жас сорғалап өтіп сарғыш құмға тырс ете түсті… Адам дегеннің қартайғысы келмейді-ау, шіркін!

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15