БІРІНШІ БӨЛІМ
Ол кезде жасы он сегізге толар-толмас уылжыған қыз еді. Өмір деген өзің талпынсаң болды, бар жақсылығын алдыңа жайып салып тұратын ертегілердегі қайырымды да, данышпан қариялардай боп көрінетін. Барлық тәрбиесі, дәулетті шаңырақтың ұл-қызындай бұл да тек мектеп программасымен шектеліп қалмай, жаратылыс тану, ерте дүние тарихы, музыка пәндері бойынша қосымша сабақ алды. Әкесі аудан көлеміндегі басшысының бірі болып тұрған соң ба, ол өмірдің қабақ шытар өзге мінезінен мүлде аулақ өсті. Оның үстіне Бағиланың өз қабілетін де мұғалімдері жақсы айтып жүрді. Семьяның тұңғышы болған соң мектеп бітіргеннен кейін әкесі бірнеше күнге уақыт тауып, қызын Алматыға өзі алып шықты. Бағила үйде жүрген кезінде өз әкесін сирек көретін. Ерте кетеді, кеш келеді. Балаларымен де сирек сөйлеседі. Тіпті, үйге келген соң да көпке дейін телефоннан түспей әлдекімдерге нұсқау беріп, әлденелерді түсіндіріп, зекіп жатқаны. Бағила таңқалушы еді. Шынында, ол қай кезде тынығады, қашан ұйықтайды? Телефонның арғы басында тұрған адамға кей кезде қатты зеки қалса жүрегін ұстап, тілінің астына валидол салып, әлден соң барып өзіне-өзі келетін әкесіне кейде оның жаны ашитын-ды. Бұлардың сабағы ерте басталады. Таңғы жетіде көзін ашқанда әкесінің төсегі әлдеқашан суып қалғанын көретін және өзі қызметіне жетіп алған соң жолға шығып кетпесе машинасы қайтып келіп, қызын мектепке апару үшін есік алдында күтіп тұрар еді. Бағила мұның бәрі үйреншікті, осылай болуы керек сияқты боп көрінсе де, бертін келе әкесінің жұмысы тіпті ауыр екенін және өмірдің мейірбандығы мен жомарттығы күндіз-түні дамыл көрмейтін осы әкесінің арқасында екенін бірте-бірте ұға бастады. Олар «Қазақстан» поезының купесіне кеп жүктерін жайғастыра берген сәтте перрондағы киоскіні көшіріп келе жатқандай газет-журналдарын құшақтап, жасы отызға тақап қалған, ұзын бойлы, ашаң қара торы жігіт бұлардың үстіне кіріп келді де, салқын амандасты. Бағила ернін ғана күбірлетіп, сыртта қол бұлғап тұрған анасы мен інісіне, екі сіңлісіне, бір топ басқа да шығарып салушыларға күлімсіреп бас изеді. Әкесі бейтаныс жігіттің сәлемін алу былай тұрсын, оның бұл купеге кіргеніне таңданып, жүзіне бірнеше секунд тапжылмай қарап отырды да: «Сіздің… орныңыз осында ма еді?» –деді ақ құба өңіне қан теуіп. Жігіт бәз-баяғы сабырлылықпен шағын столға газет-журналдарын қойып жатып: «Иә, осында. Сіз отырған орын менікі болады»,– деді езу тартып. Күлкісі де, жанары да салқын екен. Тура қараған адамның өңменін суық жанары жуалдыздай тесіп өтетін секілді. Ашаң тұлғасында ешкімге бас имес паңдық, тәкаппарлық пен ойлылық бір сәтке жалт еткендей болды. Қаратай бейтаныс жігіттің кісіні матап тастар сиқыр торына қас қағым сәтке түсіп қалса да, тез тізгінін жиып, қызмет бабы арқылы қанына сіңіп қалған керенау мінезбен орнынан тұрып, коридорға шығып кетті. –Шамалауымша, бұл
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421