мүлдем бөлек болуы мүмкін. Қалай болғанда да Бағилаға осылай көрінді. Кенет найзағайдай сап ете түскен жаңа ойдан оның тұла бойы дір етіп, демі жиілеп сала берді. «Бейтаныс жігіт қалып қойған қағазына қайта айналып соғуы мүмкін ғой». Бағила ол жігіттің қайта айналып соғуын іштей қалады ма, қаламады ма, ол жағын өзі де анық аңғара алмады, әйтсе де, ұзақ жылдар бойы ізет пен құрметтің, кішіпейілділік пен мейірімнің ғана бесігінде бөленіп, тып-тыныш, бір қалыпты баяу өмірі бүгін ғана түлер алдындағы үкідей бір сілкініп өткенін, сол сілкініс оның тынышын алғанын сезінбеске шарасыз еді. –Папа, шөлдеген жоқсыз ба? Шай әкеп берейін!– Бағила бұрын-соңды басына оралып көрмеген бір-біріне кереғар ойдың шырмауына төтеп те, жауап та бере алмай, одан құтылудың оңай тәсіліне көшіп, өзін бөгде қимылмен алдандырмақ боп бекінді. Бірақ әкесі әлі шөлдемегенін, біраз демала тұратынын айтып, оны купеге, сонымен бірге шырмауық ойдың қамауында қалдыра берді. Купе есігі жайлап ашылып, ар жағынан «Рұқсат па екен?»–деген ер адамның даусы естілгенде, Бағила орнынан ұшып тұра жаздады. Мұның шошып кеткеніне, ақ сүтке қан тамғандай екі бетінің албырап шыға келгеніне жігіт те таңданып, аз-кем мүдіріп қалды да: «Қаратай Исаевич, сізге қазір ештеңе қажет емес пе?»–деп келген мақсатын білдіріп шықты. Қаратай Бағилаға айтқан әлгі сөзін оған тағы қайталады. Жігіт кешірім өтініп, есікті бұрынғы қалпынша жартылай жауып кетті. Бағила кейіннен білді, бұлармен бірге көрші купеде екі жігіт келе жатыр екен. Әлде өз жұмыстарымен келе ме, әлде, әкесіне еріп келе ме, ол жағын Бағила түсінген жоқ. –Папа, сіз жайғасып алыңыз, мен коридорға шыға тұрайын. –Мейлің, қызым. Тынығып алғаным да жөн болар. Мұның бойындағы әдеттен бір өзгерісті ол сезді ме, қызының сөзіне бірден келісе кетті. Бағила коридорға шығып, ашық терезеден сағымды маң далаға көз жіберді. Шетсіз де шексіз. Бүкіл дүние тек осындай қырқасыз жазықтан тұратын секілді. Бір көрген адам мына сияқты аптапты далада байлап қойсаң шынжырын үзіп қашуға құмбыл екенін жасыра алмас еді, өзі де сол ойдан аулақ емес-ті. Бірақ өткен жылы бір ай Қырымда демалып, бір ай Балтық жағалауы республикаларын аралап, қайтып келе жатқанда осы маң дала көзіне оттай басылған. Дүниедегі барлық-барлық жасыл алқаптардан сағым оранған аптапты даласы әлдеқайда жақын, әлдеқайда қымбат екенін аңғарды. Және де, сол бұлдырсыз дала өз жүрегінен қашан орын алып, алысқа ұзағанда орны бөлек сағыныш боп, санасын билер дәрежеге қашан жетіп үлгіргенін де сезген емес. –Даланы тамашалап тұрсыз ба? –Желке тұсынан сыпайы, жұмсақ үн естілді. Бағила жайлап мойнын бұрғанда, өзіне қарап күлімсіреп тұрған, әлгінде ғана кешірім сұрап кеткен жігітті көрді. Оның бұл үнінде жас қыздың көңілін аулаудан гөрі «Не бұйырасыз,
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421