Қ А Р Ғ Ы Н

хабар беріп кетті. –Сіздің биология саласындағы еңбегіңізді тарихшы болсам да түсінуге тырысып, ылғи оқып жүрем. Бірақ, ризалығыңды білдіру қиын екен. Қалай түсініп қалады деп жалтақтайсың. Ол көзінің қиығымен ректорға қарап қойды. Қателеспепті. Сәл-сәл ыңғайсызданған болса да, оның бет-пішінінен бұл ыңғайсыздыққа төзе тұруға болатын шыдамдылық нышанын байқады. – Осынша жұмыстан уақыт тауып, сол уақытыңызды ғылымға адал жұмсайтыныңызға, шынымды айтсам, өз басым қайран қалам. Көзге мақтаған боп та көрінетін шығармын, бірақ, айтпасқа амалым жоқ, өйткені Сіз бен біз бұлай оңаша жолыға бермейміз. Ал, мұғалімдер жайлы, олардың арасындағы қарым-қатынас, басшылары жайлы кімнің қалай ойлайтынын айтуды Берлин сапарынан кейінгіге қалдырсам деп отырмын. Қазір орынсыз болар. Жолға аттанып бара жатқаныңызда ұсақ-түйек әңгімемен көңіліңізге қаяу салармын. –Өте дұрыс айтасыз, – деді ректор риза боп. – Берлиннен оралған соң тағы әңгімелесерміз. Ашығырақ және ұзағырақ. Келістік пе? — Ал, сау болыңыз! Жолыққанша. –Сау болыңыз… – Сәргел орнынан тұрып онымен қол алысып қоштасты. – Бәлкім, сіз аттанғанша кездесерміз, қарсы болмасаңыз аэропортқа шығарып салайын. –О, о не дегеніңіз! Мен самолетпен қанша ұшып жүрсем де мінген сайын жүрексінем. Егер шығарып салатын достарым көп болса жыланнан қорықпайтын баладай жүрексінуді ұмытып кетемін. Бәле-жаладан достарым көтеріп алатын сияқты көрінеді! — Онда жақсы! Мен аэропортқа барамын! Сәргел ректордың кабинетінен көңілді шықты. Ол кафедраға да кірмей сол бойы далаға беттеді. Есік алдындағы фонтанды скверді аралап, ширек сағаттай ой қорытты. «Шынымен жақсы адам ба? – деді ол өзіне-өзі ректордың әңгіме үстіндегі бүкіл көзқарасы мен қимылдарын әр қалтарысына дейін көз алдына елестете жүріп. – Мүмкін, жақсы адам болуы да ғажап емес. Бірақ, осы кезге шейін мені неге ішке тартқан жоқ? Менің жағдайымды бұрын неге сұрамады? Керісінше, баяғы арыздан кейін мені мүлдем ұнатпаушы еді ғой?» Сәргелдің ойына Қаратай түсті. «Демек, сол досына телефон соққан ғой. Жарайсың, Қаратай! Бауыр деген осындай болуы керек!» «Ал, Сәргелмен енді сөйлесіп көріңдер, – деді ол іштей масаттанып. – Енді кафедрадағы ғалымсымақтардың қайсысы көлденең тұрып көрер екен!» «Мен де онымен жаман сөйлеспедім-ау, – деймін деді ол ойын тағы жалғастырып. – Мақтау есітіп отырған адам нақтылықты қажет етпейді». Ол мырс ете түсті. Бір драматург айтыпты деген сөз есіне сап ете түсті. «Құлақта қарын жоқ», ойына «өзінде дарын жоқ» деген ұйқас келді, бірақ, ол тым арзан көрінді. Ол өз ойын өзі кеулеп жүріп тым терең, тым батыл кетіп қалғанын сезіп, жүрегі әлдеқандай бір үрейден лүпілдеп кетті. Ойындағы сөзін біреу-міреу есітіп қалған жоқ па дегендей жан-жағына сақтана қарап қойды. Кенет ректордың мұғалімдер жайлы сұрағаны есіне түсті. «Бұл жайды ол менен неге сұрады? Оны біліп

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421