Қ А Р Ғ Ы Н

тағы лүпілдеді. Санасында жалт етіп пайда болған: «Бәлкім, кафедра тізгінін маған тапсыру ниеті де бар шығар», – деген сөзді ойша айтуға да батылы жетпеді. Ол фонтан жанында қиялы шартарапқа кетіп, ұзақ тұрып қалды. «Қаратай, – деді ішкі бір ойы сыбырлап. – Қаратай енді бір келгенде министрліктегі досын ректормен қосып дәм татуға шақыру керек. Иә, солай еткен жөн». Сәргел өз шешіміне өзі қуанып, асыға басып ішке кірді. Енді оған мына қара көлеңке коридорлар да, сұсты көгілдір қабырғалар да, сапырылысып жүрген студенттер мен ара-арасында көрініп қалып жатқан мұғалімдер де мүлдем басқаша, өзінен төмендеу көрініп, кафедра табалдырығын ерекше сеніммен батыл, нық, асқақ аттады. * * * –Лике! – деді көңіл күйі көтеріңкі Сәргел түрлі-түсті телевизор көріп отырып. – Лике, мұнда кел, «жануарлар әлемінде» деген хабар басталғалы жатыр. –Білем, білем, қазір! – Мәлике бірі алты, бірі төрт жасар баласын ваннаға түсіріп болып, екеуін де киіндіріп ертіп шықты. – Әлі ерте емес пе? – Түу–у, аттай он бес минут бар, – деді ол қабырға сағатына қарап. – Жоқ, бұл сағат қалық. – Мүмкін, бірақ, сенің сағатың да озық, Сэр, – деді Мәлике оның көңілді қалпын бұзғысы келмей әзілдеп. Мәлике екі баласын ваннадан соң жылылау киіндіріп, телевизор алдындағы креслоға жайғастырды да, қолындағы құрғақ орамалмен кішісінің кекілін тағы ұйпалады. Сәргел балалар отырған креслоның арт жағында болатын, Мәлике еңкейген кезінде жоғарғы түймесі ағытылып кеткен халатының омырауынан әйелінің жартылай көрініп тұрған аппақ төсіне көзі түсті. Өн бойы шымыр ете қалды. Ол әйел баласының жалаңаш қалпын ұнатпайтын, тіпті олардың шектен тыс жеңі шолақ көйлек кигенін де қатты сынға алып отыратын-ды. Өз әйелдерімен (бұрынғысын есептегенде) төсекке жатқанда олардың балтырымен, білегімен, жарасымды мүсінімен ісі болмайтын, өз жұбайына бұлай қарау тазалық емес дейтін. Дәл қазір оның аппақ төсіне абайсызда көзі сүрініп кеткенмен, оған тағы қарағысы келетінін, қараған сайын ішкі дүниесіндегі бір клеткалардың бас көтеріп, өзіне мүлдем беймағлұм қылықтың байқалғанына түсінбеді. Әйелінің қымталыңқырап жүруін талап ететін жайшылықтағы ескертуін де бұл жолы айтқысы келмейтін сияқты. «Мұнысы несі?» – деді ішінен. – Бәлкім, кәріліктің нышаны шығар? Жоқ, мүмкін емес. Ер адам елуінде қартаймайды. Менің әлі қайратым мол. Мүмкін, Мәликенің әдемілігі мен мүсініне бұрын көз тоқтатпағанымнан шығар, бәлкім… елуден асқанда еркек қайта қайратына мінеді деген сөз рас болар…» Соңғы ойы оны біршама тыныштандырып, қуантып тастады. Әлгі көңілді қалпына қайта оралды. – «Хайуанаттар әлемінде» Москвадан емес пе, мынау Алматы ғой. – Қазір, мына хабар бітсін, менің сағатым бойынша төрт-ақ минут қалды. – Бағила қайда, ол да көрмей ме? – Кітап оқып отырған шығар. –Азаннан

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421