алмайды, – деді Мәлике.– Бүйте берсе адам психикалық ауруға шалдығады.Сонан соң әке-шешесі біздің екі аяғымызды бір етікке тықсын. – Онысы тамаша қасиет! Қайта қуану керек. –Көп оқыған әйел өзінің әйел екенін ұмытып кетеді. Ал әйелдің әйелдік қасиетті ұмытуы – адам ретінде жоқ деген сөз. Бағила! Ол жауап бермеді. Мәлике тапочкасын сырп-сырп басып, оның бөлмесінің есігін ашты. Дәл солай, Бағила екі жағын қолымен таянып, кітаптан бас алмай отыр екен. Келгелі бері өз бөлмесіндегі кітаптардың жарымына жуығын оқып тастады. Мәлике қыздың қимылсыз отырысына, үрлеп қалсаң қауырсындай ұшып кетер қалпына, оң жақ қабағына еркелей құлаған төрт-бес тал қап-қара шашына сүйсіне қарады. «Сурет сияқты, – деді ішінен. – Неткен мінсіз сұлулық?» –Сурет,– деді Мәлике бұл қысқарған есімнің аузына қалай түсіп кеткенін өзі де байқамай, әрі оның табан асты табылғанына таңданып. – Менің атым осылай бола ма? –Иә. Сур. Сурет деген сөзден. Әрі Куприннің «Ольга Сур» деген әңгімесі де бар. Жүр, «Хайуанаттар әлемін» көреміз. Бұл цикл – хабарлардың сұлтаны. Онда жүз процент шындық бар. – Сіз ылғи шындық іздейсіз де жүресіз. – Сэрдің сағаты бойынша басталатын уақтысы боп қалды. Бағила орнынан тұрды. –Мәнсия көрмей ме? –Ол бұған қарсы, жалпы, телевизорға қарсы. Оңашалықты жақсы көреді. Қызық, оңаша жатып телевизордағы көп сериялы фильмдерден әлдеқайда маңызды сюжеттерді көз алдыма елестете аламын дейді. Демек, оның өз қиялының телевизоры бар. Бағила барғысы келмесе де, Мәликенің көңілін қимай жайлап басып оның соңынан ерді. Табалдырықты аттай бере ол ток ұрғандай сілейіп тұрды да қалды. – Не болды, не болды? – деді Мәлике оның қолынан түсіп кеткен кітапты да көтермей иығынан құшақтап. Бағила үндемеді. –Сур, не болды деймін саған? – Ол шошына айғайлап жіберді. Қыз сонда ғана өзіне-өзі келді. Телевизор жаққа жасқана тағы қарады. Ол ғайып бопты. Хабар аяқталып, экранда қағаз бен қауырсын қаламның қимылсыз суреті ғана қалыпты.. «Сол, – деді ол ішінен. – Дәл өзі! Мен оны ұмыта алмаған екенмін ғой». Сәргел стақанмен суық су әкеп, өзіне үрейлене қарап тұр екен, Мәлике оған су ұртатты. – Тез жатқызу керек! – деді Сәргел өзінше қорытындыға келіп. Мәлике жаңа ғана кітап оқып отырған бөлмесіне әкеліп, төсекке жатқызды. – Бір жерің ауыра ма? – деді ол қыздың жүзіне аяушылықпен қарап. Ол басын шайқады. Көз алдына жігіт суреті тағы келді. Осында келгелі бері оны алаңдап іздеп жүр еді, кездесті. Тағы да сол салқын бейне, салқын жанар, тағы да қас қағым сәт! Жалт етті де ғайып болды. «Не деп сөйледі, не туралы айтты?» Бағила оның сөзін тыңдай алмағанына, жүзіне жақын, жерден анықтап қарай
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421